Ұлт Көшбасшысы Ислам мен Батыс өркениетінің арасындағы диалогқа дәнекер болды

7546225 Жаңалықтар

Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл. «Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті қызметін отыз жылдай атқарған тарихи тұлғаның есімін еліміздің бас шаһарына беру ұсынысын өзі өкілеттігін тоқтатқан дәл қазіргі уақытта қолдауға да, құптауға да тұрарлықтай» дейді ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Бақтыбек Таубаев.

 «Сарыарқаның сайын даласында азынаған желдің, қыстың үскірік аязы мен боранының өтінде сәулеті де сымбатты қала Астананың тұрғызуға кемеңгер, көреген саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың батылдығы жетті. Осынау тың шешімнің дұрыстығы кейін дәлелденді. Астана арқылы қазақ жұртын әлем таныды, көркіне тамсанып, саясат сахнасында ұйымдастырылған жаһандық деңгейдегі бастамалары мен шараларына, жеткен жетістіктеріне талай мәрте қол соқты.

Бүгінде Астананы әлемдегі даму қарқыны, халқының демографиялық өсімі, мәдениеті мен өнері қарыштаған бейбітшіл, қауіпсіз қалалардың бірі деуге болады. Ислам мен Батыс өркениетінің арасындағы диалогқа дәнекер болып, әлемдік діндер съезін өткізген Астананың Сирия мәселесін талқылайтын алаңға айналғаны да белгілі.

zagruzhennoe 3 1

Қазір тегіміз бір, тарихымыз ортақ, түбірі бір түркі тілдес бауырлармен іргемізді берік ұстап, олармен қарым-қатынасымызды үздіксіз дамыта берудеміз. Тұңғыш Президент түркі мәдениеті халқымыздың тарихында елеулі орынға ие екендігіне қашанда көңіл бөліп, тәуелсіз мемлекеттің дамуында түркі әлемінің мәдени байланысы мен дамуына үлкен мән берді. Ендеше, Астананың болашақта «Нұрсұлтан» атауын иеленуі заңды құбылыс деп ойлаймын. Тәуелсіздігімізді баянды ету, Қазақстанда мекен еткен түрлі этнос өкілдері арасында тұрақтылық пен ынтымақты сақтаудағы, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, қорғаныс қабілетін нығайтудағы өлшеусіз еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды» деді спикер Atr.kz-ге берген сұхбатында.

4863452a5700f446a462a30736592794

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз