Украина ұшағындағы жолаушылардың бәрі мерт болды

2455648 Жаңалықтар

Atr.kz/8 қаңтар, 2020 жыл. «Халықаралық Украина әуе желісінің» Boeing-737 ұшағы бүгін таң ата Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырады.

Киевке бағыт алған ұшақ бортында 170 жолаушы болған. Апат болған кезде Иранның Азаматтық авиация ұйымының өкілі Реза Джафарзаде ұшақ өртке оранып, адамдардың аман қалуы мүмкін емесін мәлімдеген еді.

Шынында солай болды, жолаушылардың бәрі қаза тапты. Қазіргі уақытта құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Иранда құлаған ұшақта қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді. 

Хабарлағанымыздай «Халықаралық Украина әуе желісінің» Boeing-737 ұшағы Мәскеу уақытымен таңғы 5:42-де Тегераннан ұшып шығып, 2 минуттан соң байланыс үзілген болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз