Тыйым салынған аймақта шомылсаңыз, айыппұл төлейсіз

2018 06 25 103100963400 Жаңалықтар

Атырауда тек орталықтағы және «Тұрғындар қалашығындағы» екі жағажай заңды деп есептелінеді. Аптап ыстықта одан өзге аумақтарда суға шомылсаңыз, 5000 теңгеге жуық айыппұл төлейсіз.

2018-06-25-103100963400

Әзірге полиция қызметкерлері ескерту хаттамаларымен шектелуде. Су айдындарында және жағалауда полиция мен құтқарушылардың бірлесе атқарған жұмысы нәтижелі, алайда «жабайы жағажайларды» пайдаланушылардың қатары азаяр емес, – дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары бірнеше сағаттың ішінде тыйым салынған аймақта шомылған 10 адамды анықтаған. Тіпті, спирттік ішімдік ішіп, суға түскен 20 азаматқа әкімшілік шара қолданылса, 1 азамат тәртіп сақшыларына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Атырау облыстық ішкі істер департаменті биыл су айдындарында қаза болған 17 адамның 9-ы балалар екенін қаперлейді.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз