Тыл еңбеккерлеріне құрмет

ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ Жаңалықтар

Атырау қаласындағы «Арнаулы көлік базасы» ЖШС-інде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында осы мекемеде ұзақ жыл еңбек еткен тыл ардагерлерімен кездесу өтті.

ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Ардагерлер Хасан Нұғыманов, Салахиден Сұлташев, Елемес Жетібаев шақырылған кездесуді серіктестік директоры С.Тұрниязов ашып, тыл ардагерлерінің осы салаға сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Сонымен бірге, шарада қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы С.Қазиев, серіктестік басшысының орынбасарлары Қ.Шманов пен Ж.Сұлтанғалиев сөз алып, мерекемен құттықтады. Ардагерлер атынан сөз алған Е.Жетібаев мекеме басшылығы мен ұжымға шынайы алғысын білдірді. Соғыстың ауыр жылдарын еске алды.

Ұжым басшысы ардагерлерге ақшалай сыйлықтар табыстады. Шарадан кейін мерекелік дастархан жайылып, мекеменің тарихы мен қала тазалығына үлес қосқан азаматтар туралы  ғибратты  әңгімелер айтылды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз