Тізе буыны ауыратындарға тегін ота жасатуға мүмкіндік бар

5209de8dfeedff5eb4e1090abfd74e56 resize w 520 h Жаңалықтар

Атырау облыстық ауруханасының ұйымдастыруымен 28 және 29 тамыз аралығында елімізге танымал ортопед-травматологтардың қатысуымен «Тізе буыны ауруларын эндопротездеу» тақырыбында шеберлік класстары өткізіледі.

5209de8dfeedff5eb4e1090abfd74e56_resize_w_520_h_

Бұл шеберлік сыныптарына Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жоғары дәрежелі травматолог дәрігерлері қатысады.

Сондай-ақ, шара барысында Ресейден арнайы шақыртылған маман, медицина ғылымдарының кандидаты, Ресей Халықтар достығы университетінің доценті Д. Румашевский тізе буыны ауру мазалап жүрген жандарға кеңестер беріп, осы аурумен ауыратын 10 адамға тегін ота жасау да жоспарланған.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз