«Терроризмнің діні болмайды» дейді журналист Назгүл Кенжетай

675075e4 Жаңалықтар


Atr.kz/ 27 наурыз, 2019 жыл.  Терроризм тақырыбын зерттеп жүрген Назгүл Кенжетай халықаралық деңгейге көтерілген журналист. Төмендегі сұхбатта журналист халықаралық терроризм тақырыбына байланысты біраз дүниелерді сараптады.

4e06e09c6c9973a8a60f

Жаңа Зеландияның Крайстчсерч қалашығында болған қанды оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, өзін «адам» санатына жатқызатын пендені бей – жай қалдырмағаны анық. Сіз «терроризм» құбылысын зерттеп жүрген журналист ретінде бұл оқиғаға қандай баға бересіз?

— Ең алдымен «шәһид» болған бейкүнә жандардың жақындарының қайғыларына ортақ екенімді айтқым келеді. Бұл оқиғаны әлем медиасымен бірге менде зер салып қадағалап отырдым. Бұл тақырыпқа байланысты өз ой пікірімді Түрік ақпарат құралдарымен бөліскен болатынмын. Біріншіден, бұл террорлық актіні «арандатушылық» деп ойлаймын. Бұл адамзат үшін жасалған қылмыстың негізгі мақсаты «үрей» салу, яғни қорқыныш көлеңкесінің көлемін ұлғайту. Және де сол «қорқыныш, үрей» арқылы негізгі мүддеге жетудің амал – айласы. Дінді қара жағып, «фобия» етіп, адамдарды онан алыстатудың әдісі. Терроризм тарихында мұндай оқиғалар көп. Және де олар бір-бірін қайталау үстінде. Осындай оқиғаларға, әлемде орын алып жатқан әділетсіздікке қарап отырып, кейде налитынымызда рас. Алайда, Крайстсерч оқиғасынан кейін, қолына гүлін алып, адамдарының бір – бірінен мезі шыққан Нью – Йорктың өзінде, мешітке барып бас саулығын тілеген азаматтарды, Еуропаның мегоплистеріндегі мешіт алдына келіп, «сіздер ғибадат жасап жатқанда, біз сіздерді қорғаймыз» деп плакат асынған қарапайым адамдарды көргенде әлі де үміт отының үзілмегендігін байқаймыз. Бұл дүниеде кейбір адамдар «барды» қиратып, жойып «жоқ» етуге тырысып жатса, ал кейбіреулер қайта жоқтан «бар» жасап, адамзатқа игіліктерін жасап жүр. Біздің медиа ретінде қатеміз, осы бар ету үшін жүргендерді көрсетпейміз. Жоқ ететіндердің тегін жарнамасын жасаудамыз. Кез-келген террор актілерінің негізгі мақсаты – қорқыту, үрей салу. Біз олар туралы көп жазу, естірту арқылы олардың мақсаттарына ортақ болғанымыз. Және олардың қалағандарын жасап берудеміз деп ойлаймын.

d7921ceaf35da5268050

«Breaking news»-тармен, жалған ақпараттармен, арандатушылықтар арқылы олардың жыртығына жамау болудамыз. Менің ойымша, террор актілерін қолға алып жүрген кез-келген журналист «террор психологиясын» жақсы білуі тиіс. Ал оқиғаға келер болсақ, бұл террористтердің биографияларына қарап отырып, олардың әр түрлі елде тәлім алғандарын көруге болады. Бұлар арнайы жетілдірілгендер. Олардың байланыстарына қарап отырып, бір адамға ақша беріп кез-келген жендеттікті жасатуға болатынын көруге болады. Бұл террористтерді осы іс–әрекетке итермелеп отырғандардың мыңдаған есебі бар. Бүгінгі күннің өз Гитлерлері, Сталиндері бар. Әлемде әлі күнге дейін расизм жоғары деңгейде сезіледі. Әрбір мемлекетте террор түсінігін тасып жүрген адамдар жетерлік. Мұндайлар сол мекендердегі потенциалды қылмыскерлер болып табылатын адамдар. Бұл типтегі адамдарға «демеушілер» табылған сәттен бастап олар террор бола алады. Қазіргі таңда террордың танымы өзгерген. Басқа елдерге барып арнайы тәлім алмай-ақ, дайындықсыз, бір елден бір елге қиындықсыз қашып жүрулерін жалғыз өздері ұйымдастырады деп айта алмаймын. Бұл мәселелердің алдын ала алатын тек қана – қоғам.

Бұл террористік актіде көптеген ақпараттық хабарлардың, деталдардың көп болуына байланысты бүгіндері сарапшылар мен журналистердің арасында сан алуан пікірлер айтылуда. Мәселен, Брентон Таррант қолданған қарулардағы жазбалар. Ондағы террористтер мен қолбасшылардың есімдері нені меңзейді, бұл іс –әрекетімен Таррант не айтқысы келді? Немесе террористік актідегі адам өлімінің фокусынан «назарды» басқа жаққа аудару үшін жоспарланған әрекет деп қарауға болады ма?

— Қолданылған қарудағы жазуларда не жазылғанына тоқталсақ:

1. Мұсылмандарға және Түріктерге қарсы соғысқан есімдер.

2. Швециядағы екі босқын сәбиді өлтірген террористтің есімі.

3. Канадада 2017 жылы мешітке кіріп 6 кісіні өлтірген террористтің есімі.

4. Османлы сұлтаны екінші Селим заманында Кипрды қорғап қалғысы келген Венециялық адмиралдың есімі.

5. Андалусия мұсылмандарын соғыста жеңген генералдың есімі.

6. Қарудың басқа тарапында маңызды тарихи оқиғалардың датасы жазылған.

7. Біріккен Ұлттар комиссиясында қабылданған «Босқын каулысы»

8. Османлы заманында соғысқан Грек баскесерлерінің есімі.

9. Тағы да Османлыға қарсы соғысып екі мәрте жеңіс тапқан венгр генералдың есімі. Және де Османлыға қарсы соғысқан Серб әскерлерінің есімі.

59d3f21ecd2076b57ae5

Айта кетерлік жайт, террорист осы қарумен мешіттегілерді қырып жояр кезде, бір музыканы естіген боларсыздар. «Remove Kebab» Сербтерден қорқыңдар, олар бәріңізді өлтіреді деген өлең. Енді бұл жазуларды талдай отырып, Ислам және Ислам әлеміндегі келіп кеткен ең үлкен империя Османлыға қарсы жеккөрушілікті көруге болады. Бұл мәліметтердің артында үлкен идеология бар. Бұл бір-екі кісінің жасаған ісі емес. Бұл адамдардың санасы террор үшін арнайы арбалған. Алайда, бір мақсат үшін, идея үшін жандарын беруге дайын саналары уланған адамдар қаншама. Қаруда жазылған детальдарға қарап өш алу мәселесі орын алады деп қарайтын болсақ, ол енді нағыз арандатуға мойын ұсынған, ақымақтар мен надан тобырдың ісі болары анық. Негізгі мақсат жоғарыда айтып өткенімдей қорқыту немесе үрей салу. Арандатушылық жасау. Мен өзімді реалист адаммын деп есептеймін. Бұл тезис мен үшін шындыққа жанаспайды. Сондықтан бұл бір үлкен ойын деп түсінемін. Әліптің артын бағар болсақ, бұл ойыннан кімге пайда болары да көрініп қалады деп ойлаймын.

Бүкіл әлем бойынша деп айтуға болатын шығар, желі қолданушылары арасында қызу талқыға айналып жатқан тақырып, егер мұсылман елдерінің азаматы террорлық акті ұйымдастырса, ол террорист. Ал басқа дін ұстанушы елдердің азаматтары террорлық қылмыс жасаса, ол жәй ғана қылмыскер деген идеологема. Жалпы терроризмнің «діні» қайсы?

— Біріншіден, терроризмнің діні болмайды. Өте көп бұрыс ағымдар бар. Мысалы «радикалды ислам» деген сөз бар, ислам радикалды болуы мүмкін емес, бұл аксиома. «Ислам терроризмі», «христиан терроризмі» деп те атап жатады. Бұл қате пікір. Дін мен терроризмді, дін мен саясатты салыстыруға немесе байланыстыруға болмайды. Бұл діни фобияны, «исламофобияны» жандандыру мақсатындағы антипропоганда ғана. Сенімсіз, кембағал қоғамды қолдан жасамақтың айласы. Себебі, сенімі жоқ, ұстанымсыз азаматтардан құрылған қоғам жетекке оңай ереді.










Назгүл Кенжетай – терроризм тақырыбын зерттеп жүрген қазақстандық журналист, әскери фотограф. Оның жұмыстары BBC басылымдарында жарияланды. Катар, Түркия және де Еуропаның кей мемлекеттерінде БҰҰ, ЮНИСЕФ ұйымдарының қолдауымен көрмелері өтті

«Ақ нәсілді» азат ету идеясының астарында саяси мүдде жату мүмкін бе? Мәселен, Еуропалық оңшыл партиялардың мүддесі?

— Еуропаданемесе АҚШ-та расизм бар болғанымен, расизм олардың пайдасына немесе мүддесіне кереғар құбылыс. Себебі «адам құқықтары» деген құндылық батыста бар және рационалды бағаға ие. Сондықтан, бұл оқиғадан саяси мүдде іздеу керек емес. Бәлкім «нацистік» құндылықтарды тасымалдаушы кей еуропалықтар үшін, көңіл–күй жасар, алайда жүйелі құндылықтарға негізделген батыс қоғамы үшін емес.

«Таррант – Брейвик» эффектісі өз жалғасын тауып, локация алмастыруының ықтималдылығы қаншалықты деп ойлайсыз? Және де радикалды көңіл – күйдегі өзін ислам дінімен байланыстыратын азаматтардың бұл оқиғаға террорлық акті арқылы жауап қатуы мүмкін бе?

— Қалыпты жағдайда террор құбылысы мен террорлық актілердің болуы, болмауын арнайы орталықтар ғана болжай алады деп есептеймін. Жекеленген азаматтардың, журналисттердің тақырып қуалап, мұндай негізсіз болжам жасаулары үлкен қате. Бұл жоғарыда айтып өткенімдей, үрей тудыру. Мәселен, неге Жаңа Зеландия деп ойлайсыз? Себебі, бұл мемлекет әлемдегі ең тыныш, толерантты қоғам орнаған мекендердің бірі ретінде белгілі, бұл жердегі мұсылмандардың тұрмыс жағдайлары жақсы. Ұйымдастырушылар бұл оқиға негізінде ешқандай жер террордан сақталмаған месседжді бергілері келген секілді. Бұл сияқты оқиғалар әр мезгіл сайын орын алуда. Менің ойымша, жер бетіндегі барлық діндер тоталды түрде дискредитацияға ұшырамайынша мұндай негіздегі «діни фобия» тудырушы факторлар өз жалғасын табады. Себебі, мұндай оқиғалардың артында бір –екі жендет қана емес, үлкен саяси күш тұрғаны хақ.

Дереккөз: «Холаньюс»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз