Тергеу изоляторына ата-аналар не үшін келді? (ФОТО)

Тергеу изоляторына ата аналар не ш¦н келд¦ 3 Жаңалықтар

Бүгін Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқандардың отбасылары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.

Тергеу изоляторына ата-аналар не __ш¦н келд¦ (3)

Тергеу изоляторларында сот үкімімен қамауға алынған тергеудегі адамдардан бөлек, мекеменің шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар да ұсталады. Олар – өмірде аяғын шалыс басқанымен жеңіл қылмыс жасағандар. Сондай-ақ, мемлекет және жәбірленуші алдында қарызы жоқ жазасын өтеушілер. Соған сәйкесінше 1 және 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылғандар тергеу мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылады.

УГ-157/1 тергеу изоляторы бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ержан Молдабековтің айтуынша, бүгінде мекеменің шаруашылық бөлімінде 20 сотталған жазасын өтеуде екен. Оның 17-сы – ер адамдар болса, 3-уі – әйелдер көрінеді.

Тергеу изоляторына ата-аналар не __ш¦н келд¦ (1)

Бүгін осы жазасын өтеушілердің отбасылары үшін ұйымдастырылған ашық есік күнінде 18 сотталғанның жақындары мен туған-туысқандары келіп, олардың жазасын қандай жағдайда өтеп жатқандарымен танысты. Сотталғандардың отбасы мүшелері олардың жататын жерлері мен асханаларында, демалыс бөлмелері мен шашка, шахмат ойнауға, теледидар қарауға, жеке уақыттарын өткізуге арналған бөлмелерде болды. Тергеу мекемесінің жаза өтеушілерге арналған бөлігін аралап көрді. Спорттық алаңдарымен де танысты. Жазасын өтеушілердің ас мәзіріне де көз жеткізді.

Өз кезегінде сотталғандар да ұзақ уақыттан бері көрмеген ата-аналары мен отбасы мүшелеріне, бала-шағаларына деген сағынышын бір сәтке болса да басып, олармен емен-жарқын әңгімелесті. Ет жақындарымен бір дастарқан басында отырып ас ішіп, ұл-қыздарымен де жақынырақ сырласуға, тіпті, бірге ойын ойнауға мүмкіндік болды.

Тергеу изоляторына ата-аналар не __ш¦н келд¦ (2)

– Біз еңбек ететін мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілердің ата-аналары мен отбасы мүшелеріне арналған ашық есік күні әр тоқсан сайын ұйымдастырылып тұрады. Мұндай шаралар арқылы біз өмірде аяғын шалыс басқан жандардың түзелуіне оң ықпал етіп, жарты күнге болса да, қуаныш сыйлағымыз келеді. Осы арқылы бостандықтың қадірін түсіндірсек дейміз, – дейді тергеу изоляторы бастығының орынбасары, әділет майоры Айгүл Жалмағамбетова ханым.

Біз де УГ-157/1 мекемесі тәрбие бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны Қаламқас Әшірханмен бірге ашық есік күні өтіп жатқан мекеме аумағын аралап көргенімізде, бір-біріне деген сағынышын бірер сағаттарға болса да басып, қуаныштан жүздері бал-бұл жанған жандарды көрдік. Олармен бірге бір дастарқан басында отырып әңгіме-дүкен құрып, бәрінің де бостандыққа шығуды асыға күтіп жүргендерін сезіндік.

Тергеу изоляторына ата-аналар не __ш¦н келд¦ (4)

Назым мен Рая атты жазасын өтеушілер өздерінің бостандыққа шығуға 5 ай ғана қалғандарын айтып, отбасымен қауышуды асыға күтіп жүргендіктерін жеткізді. Бүгін ашық есік күні аясында ұл-қыздарымен де кездесуге мүмкіндік жасалғанын ерекше тебіреніспен айтты. Олардың ата-аналары да осындай мүмкіндік берген мекеме басшыларына алғыстарын жаудырды.

Тергеу изоляторына ата-аналар не __ш¦н келд¦ (5)

– Біз түрмені басқаша елестетуші едік. Кинода көргеніміздей қорқынышты, сұсты шығар деп ойлап келгенбіз. Жоқ, олай емес екен. Мұнда барлық жағдай жасалған. Мекеме қызметкерлері «сотталған» деп қарамайтын көрінеді. Жататын жерлері де тап-таза, тамақтары да еркіндіктегі тамақтардан әлдеқайда жақсы, құнарлылығы жоғары. Спортпен айналысуға да мүмкіндік жасалған. Бастысы – жазасын өтеуші ұл-қыздарымызға қысым көрсетілмейді екен. Бүгін өзіңіз көргеніңіздей, біздің уайымға толы көңілдеріміздегі күдік толығымен сейіліп, қуаныштан көзіміздің жасына де ерік беріп алдық. Бүгінгі ашық есік күні үшін мекеме басшылғы мен тәрбиешілерге рақметтен басқа айтарымыз,– жоқ дейді Мұратхан атты ағамыз бізбен әңгімесінде.

Ашық есік күніне рұқсат етілген уақыт та аяқталып, жазасын өтеушілер мен оның отбасы мүшелері қимай қоштасты. Енді олар бір-бірімен қауышатын күнді асыға күтетін болады.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз