Танысын балағаттағаны үшін 22 мың теңге айыппұл салынды

1 47 Жаңалықтар

Атырау облысының Махамбет ауданында танысын балағаттаған азаматқа 22 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы Ж.С. қоғамдық орында, яғни, Береке ауылындағы Жаңа-құрылыс көшесінің бойында жәбірленуші А.Л.-дың ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтқан. Сөйтіп, жеке тұлғаның тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық әрекеттер жасаған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы Ж.С. кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 22 690 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Айдос Қарабала

Фото ostrnum.com сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз