Тәуелсіздік күніне – жаңа демалыс саябағы

IMG 20171214 WA0032 Жаңалықтар

Жаңа мәдени нысан Мақат аудандық Доссор кентінде қолданысқа берілді. Демалыс саябағының құрылысы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып отыр.

IMG-20171214-WA0032

Саябақты абаттандыру және көгалдандыру бірнеше айға созылды. Жоба құны  жергілікті мұнай компаниясы есебінен 72 миллион теңгені құрады.

– Доссор кенті еліміздегі мұнай саласы тарихының бастауы болғандықтан біз игі істен шет қалмадық. Жергілікті тұрғындар демалатын орын болмағандықтан  осындай саябақ салып, барлық ережелерге сай абаттандыруды жөн көрдік, – дейді компания өкілі Рашид Отаров.

IMG-20171214-WA0031

Бүгінгі күні  Атырау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 108 жоба, қосымша жобалар мен іс-шаралар жүзеге асуда. Оның ішінде құны 4 млрд 360 млн теңгені құрайтын 18 жобаны жергілікті демеушілер қаржыландырады.

– 2017 жылғы 1 желтоқсандағы есеп бойынша жалпы құны 4 млрд. 391 млн теңгені құрайтын 69 жоба жүзеге асырылды. Құны 4 млрд 254 млн теңгені құрайтын 13 жоба демеушілер есебінен жүзеге асты, – деп хабарлады облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ринат Құлмағамбетов.

Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз