Тұрақта тұрған автокөлікке соқтығысқан жүргізуші 30 тәулікке қамалды

1 39 Жаңалықтар

Атырауда тұрақта тұрған автокөлікке соқтығысқан жүргізуші 30 тәулікке қамалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Олардың айтуынша, 2017 жылдың қараша айында көлік құралдарын басқару құқығы жоқ азамат Н. «Lada 21150» маркалы көлік құралын басқарып келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі тұрақта тұрған жәбірленуші В.-ның «Nissan Juke»маркалы автокөлігіне соқтығыс жасаған.

Кейін Н. жол-көлік оқиғасы қатысушысының міндеттерін орындамай, болған оқиға туралы ішкі істер органдарына хабарламай, оқиға орнынан бой тасалаған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы Н. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 30 тәулікке қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Айдос Қарабала

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз