Түнде алкоголь өнімін сатқаны үшін айыппұл тағайындалды

1 Жаңалықтар

Атырауда түнде алкоголь өнімін сатқан азаматшаға айыппұл тағайындалды. Әкімшілік іс Жылыой аудандық сотында қаралған.

1

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сот отырысында анықталғандай, дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін С. есімді азаматша түнгі сағат 22:00-де этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын алкоголь өнімін сатқан. Осы іс-әрекетімен Қазақстан Республикасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзған.

Сот қаулысымен азаматша С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 ай мерзімге алкоголь өнімін сату лицензиясының қолданысы тоқтатылды. Сондай-ақ, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Айдос Қарабала

Фото miasskiy.ru сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз