Төтенше жағдайда пайдаға кенелмек болған кәсіпкерлерден 4 млн маска тәркіленді

200326162106207e COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/26 наурыз, 2020 жыл. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде елдегі заңдылық пен тәртіп сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндады.

«Қазір барлық өңірлерде прокуратура, полиция және мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерінен құралған мобильді топтар жұмыс істеуде. Олар барлық жерде медициналық маскалар мен антисептиктерді рұқсатсыз, жоғары бағада сату бойынша деректерді анықтаумен айналысып жатыр. Төтенше жағдай жарияланғалы бері Қылмыстық кодекстің 215-бабы бойынша 15 тергеу амалы басталды», – деді министр Хабар 24 арнасындағы онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында.

Дәурен Абаев мұндай жағдайлар елордада, Алматыда және Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, БҚО-да анықталған.

«Елордада және Ақтөбе облысында маска мен антисептикті заңсыз сатқан 40 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Осы әкімшілік және қылмыстық істер бойынша 4 млн маска мен 13 мың литр антисептик тәркіленді. Олар денсаулық сақтау мекемелеріне беріліп жатыр», – деді ол.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/b%d2%afgingini%d2%a3-betashary-b%d2%b1ryn%d2%93ydan-bas%d2%9basha/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз