Төлем карточкаларының тиімді тұстары қандай?

vnekngeknk Жаңалықтар

Atr.kz/12 сәуір, 2020 жыл. Дүниежүзіндегі пандемия сақтық пен тазалыққа селқос қарамау керектігін еске салды. Демек, қоғамдық орындар­да шоғырланбау, қолды жиі жуу, бай­ланыссыз есеп айырысудың маңызы артты. Сондықтан, Ұлттық банк дүкен, дәріханаларда, он­лайн жеткізу кезінде қолма-қол ақшасыз төлемді көбірек пай­далануды ұсынды. Қаржыгерлердің пікірінше, бұл байланыс санын төмендетуге, яғни, қауіпті індеттің та­ралуын шектеуге мүмкіндік береді.

 Жуырда ҚР Ұлттық банкі Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов қолма- қол ақшаны пайдалану есік тұтқалары, кредиттік карта­лар мен мобильді телефон­дар сияқты кез келген басқа беткі қабаттарға жанасу тәуекелінен жоғары еместігін атап айтқан болатын. «Біз жиі ұстайтын көптеген басқа заттар да бар. Бірінші кезекте банкноттардың инкассация­дан кейін сақталу мерзімінің ұзақ болуына байланысты COVID-19 вирусы жұққан банкноттардың айналымға шығу ықтималдығы мар­дымсыз. Ұлттық банктің ішкі нормативтері бойынша, екінші деңгейдегі банктерден түсетін қолма-қол ақша қайта санауға дейін ашылмаған күйі 45 күн, ал, қайта са­наудан кейін бір жыл бойы сақталуы мүмкін. Қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін касса қызметкерлерінің жұмыс ерекшелігін ескерсек, қолды жиі жууға қатысты кеңестер – осы адамдар үшін ерекше маңызды. Сол себептен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шара­ларды сақтауы қажет» дейді қаржыгер.

Қазір тұтынушылар да, қызмет көрсетуші де заман көшінен тысқары қалмас үшін соңғы технологияларды пайда­ланып жатыр. Егер сатып алу­шы қолма-қол ақшамен емес, төлем карточкасы арқылы төлегісі келсе, сатушы оған POS-терминал ұсынуы тиіс. Экономикасы дамыған ел­дерде оны қолдану әлдеқашан енгізілген. Көршілес Ресейдегі қалалардың барлық қызмет көрсету саласында терминал­дар бар. Ал, АҚШ-та мұндай құрал таксиде де орнатылған. Маркеттерде тұтынушылар кассирлердің көмегінсіз тауарын сатып ала береді. Қаржыгерлер мұндай тер­миналдар қондыру, ең ал­дымен, көлеңкелі экономи­каны болдырмауға бастай­тын қадам екендігін айтады. Оның үстіне, қаражат қолда жүрмегеннен кейін жалған ақша жасаудың жолы кесіледі. Банкоматқа қаржы салатын инкассаторлар азаяды.

ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының экономикалық талдау және статисти­ка бөлі м і н ің басшысы Айнагүл Аққұлованың а й т у ы н ш а , б и ы л ғ ы 1 наурызға айналымдағы төлем карточкаларының саны облыста 1 560,7 мың бірлікті құрайды. Ал, кар­точка ұстаушылардың саны – 1396,7 мың адам. Облыста 717 төлем тер­миналдары, 582 банкомат, 5198 POS-терминал жұмыс істейді. Өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда, осы жылғы екі айда облыста төлем карточкаларын пай­далану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер 7,7 есеге, ал, оның сомасы 6,4 есеге өсіп отыр. Мәселен, биыл қаңтар-ақпанда 161,0 млрд. теңге сомасына 11 972,7 мың транзакция жасалған.

Сарапшылардың айту­ынша, бүгінгі таңда қолма- қол ақшасыз есептесудің көрсеткіші 71 пайызға өсіпті. Бұл қаржы шығынының миллиардтаған теңгені құрайтын үнеміне қол жеткізіп отыр. Енді элек­тронды саудаға басымдық беріліп, ондағы төлем жүйесіне QR-код енгізіліп жатыр екен. Мұның бір артықшылығы – қымбат тұратын POS-терминал енгізу қажеттігін жою. QR- кодты кез келген тауарға түсіру арқылы мобильді телефон немесе картаның көмегімен операцияларды іске асыруға мүмкіндік туады. Бұл жоба еліміздің ірі мегаполистерінде табысты жүзеге асты. QR-код біздің өңірде де кеңінен енгізілді. Бұл облыс орталығындағы ірі супермаркеттер мен сау­да орталықтарында қалыпты үрдіске айналды. Демек, виртуалды ақшамен есеп айырысу технологиясы күннен күнге жетіліп келеді.

– Б ә р і м і з д і ң о н ­лайн төлемге үйреніп кеткеніміз соншалық, кей­де қалтамыздан қағаз ақша табылмай жатады. Себебі, дүкендердің көпшілігі қолма қол ақшамен емес, карточ­калармен жұмыс істейді. Бұл уақыт үнемдеуге де ыңғайлы. Оның үстіне, онлайн төлем арқылы Атырауда отырып-ақ Алматыдан да, Англиядан да сауда-саттық жасауға бола­ды. Немесе басқа қаладағы туысқаныңызға ақша ауда­рымы қажет болған жағдайда бұрынғыдай кассада кезек күтіп тұрмайсыз. Карточка арқылы аударым әп-сәтте келесі шотқа түседі. Так­си қызметін де онлайн- төлем арқылы пайдалана­мыз, – дейді қала тұрғыны Нұрлыбек Асланбекұлы.

Десек те, заманауи жүйенің пайдасымен қатар зияны да бар. Әсіресе, банк арқылы жүзеге асырылатын элек­тронды есеп айырысулар киберқауіпті екенін уақыт дәлелдеді. Соның ішінде, банктердің пластикалық к а р т о ч к а л а р ы н д а ғ ы ақшалардың жоғалуы вир­туалды есеп айырысудың толыққанды сенімді төлем жүйесі бола алмайтынын көрсетті. Дамыған техно­логиялар заңсыз опера­цияларды қаржыландыру, кірістерді жасыру және ка­питалды сыртқа шығарудың да оңтайлы құралына ай­налды. Осы орайда, Мем­лекет басшысының тап­сырмасына сай ҚР Пар­ламент Сенатының депу­таттары арнайы заңнамаға бастамашылық жасаған. Еліміздің кейбір заңдарына ш е т е л д і к в а л ю т а д а ғ ы ипотекалық қарыздар мен төлем қызметі нарығы нысан­дарын жетілдіру мәселелері бойынша өзгеріс енгізуді көздейтін бұл құжат арқылы саланың біраз түйткілін шешу көзделіп отырған көрінеді. Ал, оның қабылдануы мен қолданысқа енуі – уақыт еншісінде.

Қазақстанда қазірдің өзінде 1000 айлық есептік көрсеткіш деңгейіндегі қолма-қол есеп айырысуға заңдық шектеу бар. Бұл та­лап қосымша құн салығын төлейтін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылады. Сондай-ақ, 10 млн. теңге көлемінде ақшаны банк арқылы шешіп алу немесе салу әрекеті қаржылық бақылауға алы­нып, құзыретті органға тапсырылады. Көлеңкелі экономиканы болдырмау мақсатында Ұлттық банк Үкіметпен бірге көлік пен жылжымайтын мүлік алғанда мәмілені қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға ауысты­ру жолын да қарастыруда. Мәселен, осы бағытта ар­найы заңнамалық түзетулер әзірленіп жатыр екен. Жал­пы, капиталды елден шығару Үкімет пен Ұлттық банктің айрықша назарында тұр.

Жаңа төлем жүйесі, яғни виртуалды ақшаның кілтипаны аз болмай тұр. Әрине, әрбір тың бастаманың қоғамға дендеп енуі түрлі қиыншылық туғызатыны анық. «Көш жүре түзеледі» дегенмен, көп мәселенің оң шешімі құзырлы органдардың тарапынан түйткілдерді дер кезінде зерделеп, тиімді әрекет етуде біліктілік пен ширақтық көрсетуіне байланысты екені даусыз.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-bastalғan-bekire-2020-aktsiyasy-қandaj-bylyқtyң-betin-ashty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз