«Сыбайлас жемқорлықсыз жол» акциясы ұйымдастырылды (ФОТО)

IMG 5777 Жаңалықтар

10 қараша күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен «Сыбайлас жемқорлықсыз жол» атты акция ұйымдастырылды. Бұл шара «жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасы аясында өткізіліп отыр.

IMG_5777

Басты мақсат – жемқорлықтың кез-келген көріністерін жою, жол қозғалысы қатысушыларымен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін анықтау.

IMG_5730

Шара барысында Департамент қызметкерлерімен, жол полициясы және көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен қарым-қатынас ету тәртібі бойынша нұсқаулықтар таратылды. Сонымен қатар, жол қозғалысы қатысушыларына сыбайлас жемқорлық фактілері кездескен жағдайда, 1424 Cаll орталығына хабарласу мүмкіндігі жөнінде айтылды. Сондай-ақ, 3 азаматқа құқықтық түсініктеме берілді.

Акция «Ақ Жайық» қонақ үйінің алдынан басталды. Бұл жерде жол полиция қызметкерлерімен 500-ге жуық нұсқаулықтар таратылды. Аталған нұсқаулықтар Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен Атырау-Орал жолында да үлестірілді. Одан басқа, акция барысында жол қозғалысы қатысушыларынан сұхбат алынып, Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз