«Sweet Book» – заманауи кафе-кітапхана

1 of 1 2 Жаңалықтар

Atr.kz/18 наурыз, 2019 жыл.  Атырау қаласында әлеуметтік кәсіпкерлік бағытында хакатон (ағылшынның «hack» – «бұзу» және marathon – марафон  сөздерінен құралған) жарысы өтті.

Оны «British Сouncil» ұйымы «I-SEED» жобасы аясында ұйымдастырып отыр. Байқауға қатысушылар макулатура өнімдерін жинау мен қайта өңдеу, мектептердің айналасын көгалдандыру және мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуды көздейтін тігін шеберханасы жобаларын ұсынды.  

1 of 1
1 of 1 3

Нәтижесінде, «Sweet Book» жобасымен Кіші өнер академиясының атынан құрылған топ жеңімпаз деп танылды. Бұл кітап оқуға, сатып алуға және алмастыруға мүмкіндік беретін ерекше дәмхана-кітапхана. Сондай-ақ, мұнда аудио-кітап оқуға да болады. Сол сияқты, еріктілермен бірге көзі нашар көретін балаларға арналған арнайы кітаптар жасап шығаруға болады. Шара мақсаты да – сондай балалардың еш қиындықсыз кітап оқуына жағдай жасау.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

1 of 1 4
1 of 1 5
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз