СУ ДОБЫНАН САЙЫС ӨТТІ

75242072 2557066754513700 3082465498256900096 o Жаңалықтар

Atr.kz/6 қараша, 2019 жыл. Атырау қаласындағы орталық жүзу бассейнінде су добынан 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатының алғашқы кезеңінің ойындары болып өтті. Бір аптаға созылған аталмыш жарыста Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Өскемкен, Көкшетау, Ақтөбе, Тараз, Орал, Атырау қалаларынан  келген 9 команда бақ сынады.

            Көгілдір бассейннің етегінде өткен жарыстың ашылу салтанатында  Атырау дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Аманжол Сағынғалиев су додасына жиналған жас спортшыларға сәттілік тілесе, «Атырау» су спорты түрлері бойынша клубы директорының орынбасары Нұржан Ақкенжеев жуырда Үндістанның Бангалор қаласында өткен Азия чемпионатында еліміздің жасөспірімдер құрамасы сапында өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болған жерлестеріміз Ғани Жұмабай мен Никита Ковальчукке алған құрлықтық бәсекеде алған марапаттарын көпшілік алдында тапсырды. 

            Тоғыз күнге созылған жарыстың әр күнінде төрт ойыннан өтіп, атыраулықтар тартысқа толы  36 ойынды тамашалады. Әр команда ұтысына – екі, тең ойынына бір ұпай иеленді. Бұл додаға атыраулықтар қос команданы қосып, негізгі Атырау-1 командасы  жарыс барысында Орал, Өскемен, Ақтөбе, Көкшетау командаларын ұтып, тек Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларының спортшыларына ғана есе жіберді.

            Су добынан Атырау облысы жасөспірімдер командасының аға жаттықтырушысы Ернұр Қойлиевтің айтуынша жарыстардың кезекті екінші кезеңі Көкшетау қаласында жалауын көтерсе, чемпионатты қорытындылайтын – үшінші кезең мамыр айында Тараз қаласында өткізіледі. 

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

75233354 2557066951180347 4225820800730529792 o
75279330 2557066551180387 2600064525440909312 o
75059352 2557066897847019 295197560430133248 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз