Спорттық сайыс – мұғалімдер арасында

69 scaled Жаңалықтар

Atr.kz/30 желтоқсан, 2019 жыл. Өткен жылдың соңында «Атырау» спорт кешенінде колледж оқытушыларының арасында облыстық спартакиада өтіп, ұстаздар спорттың баскетбол, волейбол, гандбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі тәрізді спорт түрлерінен өзара сынға түсті.

Атырау облыстық білім беру басқармасына қарасты   Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы ұйымдастырған бұл дода бір аптаға созылып, жарысқа қатысқан 13 команданың арасында жалпы командалық есептегі бірінші орынды Индер аудандық  көпбейінді ауыл шаруашылық колледжі құрамасы  иеленді.

Ал, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің командасы екінші сатыдан көрініп, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің оқытушылары үшінші орынды місе тұтты. Жеңімпаз командаларға кубоктер және бағалы сыйлықтар табысталды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

55
20191219 103539
20191219 103427
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз