Құспан молла мешітінің жаңартылған ғимараты пайдалануға берілді (ФОТО)

IMG 6932 Жаңалықтар

Атырауда Құспан молла мешітінің жаңартылған ғимараты пайдалануға берілді.

IMG_6932

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың айтуынша, жаңа мешіттің сыйымдылығы бірден үш есеге ұлғайды. «Жаңартылған ғимарат бір сәтте 1200 адамға қызмет көрсете алады. Сәуір айында басталған құрылыс желтоқсан айында толықтай сәтті аяқталып отыр. Мешіт құрылысы негізінен демеушілер мен жамағаттың қолдауымен тұрғызылды»,-дейді ол.

IMG_6935

IMG_6933

IMG_6937

Жаңа ғимаратта жамағатқа қолайлы үлкен зал салынды. Бас имамның жұмыс кабинеті, наиб имамдар бөлмесі, бұдан бөлек, ерлерге және әйел жамағатқа арналған сынып кабинеттері жасақталды. Және мешітке келушілер үшін Құран оқитын бөлме ашылды.

IMG_6934

IMG_6936

IMG_6938

Айта кетелік, Құспан молла Нұрмұқашевтың есімі тарихта жоғары білімді «Имам Хатиб» ретінде қалды. Саналы ғұмырын ислам дінін насихаттауға арнаған молда бір кездері аталмыш мешіттің негізін өзі қалаған.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз