Сот жұмысында жаңа технологияның мүмкіндігі мол

Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/26 қараша, 2019 жыл. Таяуда облыстық сот жұмысының заманауи форматтарын және соттардың жаңа электронды сервистерін студенттерге таныстыру мақсатында баспасөз туры өтті.

Шара барысында облыстық Соттар әкімшісінің басшысы Гүлжан Жұмағалиева және облыстық соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судьясы Марина Черняховская қонақтарды облыс соттарының қызметінен маңызды ақпарат айтып, соттардың жаңа электронды сервистерімен таныстырды.

Өз кезегінде Гүлжан Жұмағалиева студенттерге жұмыстың заманауи форматтары және  соттарды цифрландыруға бағытталған жаңа электронды сервистері туралы айтты. Олар қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот отырысы залдарында болып, «Фронт-офис»  жұмысымен, «Сот кабинеті» мүмкіндіктерімен танысты.

Сондай-ақ, Г.Жұмағалиева барлық жерде сот жүйесіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауды жеңілдететін озық IТ-технологиялар енгізілуде екенін атап көрсетті.

Облыстық сот мұражайы, медиация және Билер кеңесі кабинеттері мен күту залына да бас сұқты. Олар сот отырыстарында қолданылатын аудио-бейнежазба жүйесі жұмысына қызығушылық танытты.

Ал, Марина Черняховская сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар, татуластыру рәсімдерін қолдану тиімділігі, қолданыстағы пилоттық жобалар және заманауи ақпараттық технологиялар туралы хабардар етті.

Шара соңында студенттер мұндай кездесулердің сот қызметі туралы нақты көзқарасты қалыптастырып, кәсіп пен мамандық таңдауда артықшылықтар беретінін айтты.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *