Соңғы екі айда Атырауда болған 43 нәресте өлімінің себебі белгілі болды

5dad9a664dbc3155342986 Жаңалықтар

Atr.kz/22 қазан, 2019 жыл.  Атырау облыстық перзентханасында соңғы екі айда (тамызда – 26 нәресте, қыркүйекте – 17 нәресте, авт) 43 нәрестенің неден көз жұмғаны белгілі болды.

«Қылмыстық тергеуге қатысты ақпараттың барлығын құқық қорғау органдарынан сұрау керек, біз ол ақпараттарды білмейміз. Біз Атырау перинаталды орталығында тамыз-қыркүйек айларында тіркелген нәресте өлімінің себебіне анализ жасадық. Нәрестелердің өліміне себеп – аурухана ішіндегі инфекция болып шықты. Аурухана ішіндегі бактериалды инфекцияның салдарынан нәрестелер өлген», – дейді  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау вице-министр Ләззат Ақтаеваның төрағалығымен 26 адамнан құралған комиссия 5 қазан күні жұмысына кірісіп, 18 қазан күні жұмысын аяқтаған.

Айта кетейік, қазір ел бойынша тірі туған баланы мұздатқышқа салып өлтірді деген айыппен Атырау облыстық перзентхананың бас дәрігері мен сол күнгі кезекші дәрігер тергеуден өтіп жатыр.

Дереккөз: «Азаттық рухы»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз