Шамалғандағы апат: бір адам көз жұмды, үш адам жансақтау бөлімінде

photo 59523 Жаңалықтар

Atr.kz/16 қыркүйек, 2019 жыл.  Алматы облысында пойызбен соқтығысқан автобустың жолаушылары оқиғаның мән-жайы туралы айтты.

Олардың айтуынша, автобус теміржол өткелінде тұрып қалған уақытта, жүргізуші абыржып қалып, алдынғы есікті аша алмаған. Ол артқы есікті ашып, жолаушыларды түсіріп, өзі шығып үлгере алмаған.

«Мен бір баланы шығарып үлгердім. Автобустан қаша жөнелдім де пойыздың қоғамдық көлікті соққанын көрдім. Жүргізуші қайтыс болды», – дейді куәгер. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жүргізушінің жары кондуктор болған, олар бірге жұмыс істеген. Қайтыс болған ер адамның соңында төрт баласы қалды.

Қазіргі уақытта жедел  желі жұмыс істеп жатыр:
– (87282) 220213, 220018;
– (87282) 220213, 220018

 Еске салайық, төтенше жағдай «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. Автобус жүргізушісі дабылға қарамастан теміржолға өтіп кеткен. Нәтижесінде автобус пойызбен соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, үш адам жансақтау бөлімінде жатыр.

 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Алматы облысындағы төтенше жағдайды прокуратура бақылауға алды.

Дереккөз: «Tengrinews.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Орынбай

    Құдай-ай, осы да жаңалық па?
    Ұялмай, не беттеріңмен беріп отырсыңдар, аварияны? Бұл сендерге қызық па? Бір отбасы қайғырып отырса, сендерге әлде сенсация қуу керек пе?

  2. Атырау газеті author

    Бұл сенсация емес, елдегі жаңалықтардан халықты хабардар ету. Қауырт желі жұмыс істеп жатыр, адамдар тікелей көздерден хабар алуы керек

  3. Орынбай

    Мынаны жаңалық деп отырсың ба?
    Біреудің өлгені қашан жаңалық болып еді?