Серік Сапиев атыраулық спортшылардың эстафетасын қабылдады (ВИДЕО)

IMG 20171228 WA0010 Жаңалықтар

Олимпиада чемпионы атыраулық спортшылардың жаңа жылдық challenge шарасына қолдау көрсетті,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атақты боксшы және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты барлық қазақстандық спортшыларға бейнеүндеу жолдап, Атырауда басталған жаңа жылдық эстафетаға қатысуға шақырды.

«Мен  атыраулық спортшылардың чемпиондық challenge шарасын қолдап,  шыршаны медальдарыммен безендірдім. Мемлекет басшысы спортты насихаттауды үнемі айтып келеді, оған осындай шаралар ықпал етеді.  Эстафетаны барлық спортшыларға  жолдаймын және жаңа жылдық эстафета жалғасын табарына сенемін»,-деді Серік Сапиев.

Айта кетейік, алғашқы чемпиондық шырша Атырауда 24 желтоқсанда безендірілген еді. 26 желтоқсанда эстафетаны Қарағанды облысының спортшылары қабылдап, шыршаны жыл бойғы жетістіктерімен жасандырды. 27 желтоқсанда  challenge-ді олимпиада жүлдегері Серік Сапиев қолдап, медальдарын шыршаға тақты.

Атыраулық спортшыларды қазақстандық боксшы Мадияр Ақшеев те қолдады.  Ол Серік Сапиевтің эстафетасын қабылдап, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы шыршалардың бірін ҚР мемлекеттік туымен безендірді.

Айқара Ғұмар

Видео Youtube желісінен алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз