Селолық округ әкімдері «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі менеджмент» тақырыбында жоба қорғады

Жаңалықтар

Атырауда селолық округ әкімдері «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі менеджмент» тақырыбында жоба қорғап, әр аудан бойынша 8 жоба ұсынылды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Атырау облыстық филиалында «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі менеджмент» тақырыбындағы 4 күндік оқу семинары қорытындысы бойынша жоба қорғау және сертификат беру шарасы өтті.

26-29 қараша аралығында болған семинарға қала, аудан, селолық округтер әкімдері қатысты. Шараны мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы Атырау филиалы, облыс әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.

Мақсаты – әкімдердің практикалық дағдылары мен құзіретін дамыту, жобаларды басқару, түйткілді мәселелерді шешу, жергілікті бастамалар мен бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру.

– Мемлекеттік басқару жүйесінде менеджмент тақырыбы бойынша бірқатар жобалармен таныстық. Әр жоба жоғары деңгейде қорғалды. Барлық тақырыптар өзекті. Сіздерге осы жобаларды іске асыру үшін көп жұмыстану керек. Осы семинар жұмыстарыңызға тың серпіліс беріп, біліктіліктеріңізді көтерді деген ойдамын, – деді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.

Семинар қортындысында 43 мемлекеттік қызметшіге сертификат берілді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *