Салық төлеуден алдамыз!

11 main Жаңалықтар

Atr.kz/11 маусым, 2019 жыл. Атырау еліміздегі салық төлеудегі ең белсенді облыстардың бірі болып тұр. Алдыңғы топта сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Жамбыл мен Қостанай өңірлері бар. Ал, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары олардың ізін басып келеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың айтуынша, салықты уақытында төлеу бойынша ең белсенді аймақтардың тізімі жарияланды.

– С а л ы қ т ө л е у д е е ң белсенді аймақтарды анықтау мақсатында жылына екі рет мониторинг жүргіземіз. Мұндағы мақсатымыз – салық төлеуде белсенділігі төмен аймақтарды анықтап, олармен жұмыс жасау, – дейді төраға орынбасары.

Кірістер комитетінің өкілі салық жүйесінде камералдық бақылаудың жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

«Бүгінде салықтық әкімшілендіру екпіні салықтық тексерулерден камералдық бақылауға ауысты. Бұл – салық декларацияларын өзара салыстыру арқылы жүзеге асырылатын салықтық бақылаудың бір түрі.

Камералдық бақылаудың негізгі мақсаты – салық төлеушіге айыппұл салмай, заң бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру. Өткен жылы камералдық бақылау нәтижесінде салық төлеушілер қосымша декларациялар тапсырып, жинақталған және өндірілген салық сомасы 127,3 млрд. теңгені құрады. Алайда, салық төлеушілердің хабарламаларын орындамайтын жағдайлар да кездеседі, – дейді Жайдар Іңкәрбаев.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз