Сайлау-2019: Талаптар толықтай орындалды ма?

IMG 20190609 WA0035 Жаңалықтар

Atr.kz/10 маусым, 2019 жыл. Республика бойынша құрылған «Аманат» азаматтық платформасының өңірдегі жұмысына мен де қолдау танытып, 11 учаскедегі сайлау барысына бақылаушы болдым.

Басты міндет – сайлау талаптарының толықтай орындалуын және саяси маңызды науқанның әділ өтуін қамтамасыз ету. Әр азамат сайлауға қатысуға құқылы, сол жағы қатаң ескерілді. Бұл ретте, комиссия төрағаларына тиісінше ескертулер де жасалды. Осылайша, еліміздің азаматы ретінде айтулы шараға өз үлесімді қосқанды жөн көрдім.

Дауыс есебін жүргізуге дайындық барысы да бақылауда болды. Сондай-ақ, аталған платформа тарапынан маған «Мобильді капитан» қызметін атқаруға ұсыныс жасалды. Бұдан да бас тартпадым. Сөйтіп, «Аманаттың» әр учаскедегі жұмысын қадағаладым. Нәтижесінде, өрескел кемшіліктер орын алған жоқ.

Айта кетейік, бұл құрылымға қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, жастар, сарапшылар мен азаматтық белсенділер кірді.  

Арман ХАЙРУЛЛИН,

азаматтық белсенді, кәсіпкер

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз