«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор сайланды

whatsapp image 2019 12 06 at 16.42.56 Жаңалықтар

  Atr.kz/6 желтоқсан, 2019 жыл. 25 қарашада  «С. Өтебаев атындағы АтМГУ» КеАҚ  Директорлар кеңесінің кезекті отырысында  Басқарма төрағасы-ректордың бос лауазымына орналасуға конкурс өтті және оның нәтижесі бойынша экономика ғылымдарының докторы, профессор Г.Т.Шакуликова көпшілік дауыспен сайланды.   


4 желтоқсанда «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ-ң кезектен тыс кеңейтілген Ғылыми кеңесінде Директорлар кеңесінің төрағасы Ұ. С. Қарабалин университет ұжымына жаңадан сайланған басқарма төрағасы – ректорды таныстырды.  
Г.Т.Шакуликова э.ғ.д., профессор, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі,  «Қазақстан Республикасы  Білім беру ісінің құрметті қызметкері», Президенттік «Болашақ» стипендияты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері.  Г. Шакуликованың   жоғары білім беру саласында басшылық қызметтерді атқаруда үлкен тәжірибесі бар, ол «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ-ң  академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, оның алдында ҚР Қаржы министрлігі жанындағы «Қаржы Академиясы» АҚ ректоры лауазымында болды.

Ғылыми кеңес отырысында Директорлар кеңесінің төрағасы Ұ. С. Қарабалин ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына ұсынған алғашқы Жолдауы  біздің қоғамымыз үшін аса маңызды бағдарламалық құжат екенін және университет ұжымының алдында тұрған міндеттерді барынша тиімді шешу қажеттігін атап өтті. 
Сөз соңында университет ректоры мен профессор-оқытушылар құрамына еңбекте табыс, жоғары оқу орнының дамуында жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз