Сақшының жағасынан алған кім?

181bbfa794e218f5cd90439ff3dd1578 XL Жаңалықтар

Тәртіп сақшыларының талабына бағынбай, «жағасына жармасқан» қылықтары үшін С.Т.С. есімді азамат енді елу мың теңгеден аса айыппұл төлейтін болды.

181bbfa794e218f5cd90439ff3dd1578_XL

Айыппұл арқалатқан түннің оқиғасы үстіміздегі айдың 3-і күні «Арал» кафесі маңында таңғы 3.00-дер шамасында орын алған. Осы істі қараған аудандық сот отырысында айыпталушы өз кінәсін жартылай мойындады. Ал, тәртіп сақшылары өз түсінігінде жолдың бойында «теңселген» екі адамға дыбыс зорайтқышпен жолдан былай тұруын өтінгенде тыңдамағандарын, содан қастарына барып ескерткенде олардың ар-намысына тиетін сөздер айтып, балағаттағанын, тиісінше қызметтік міндеттерін атқаруға кедергілер жасалғанын баяндады.

Жолдағы екеуді қызметтік көлікке отырғызбақ болған сәтте С.Т.С.тәртіп сақшыларынан танысын алып қалмақ болып, қарсылық танытқан. Сөйтіп, С.Т.С. ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Айыпталушы өз сөзінде сол сәтте кафеден бір топ жігіт шығып, танысын автокөліктен алып шыққанын, алайда тәртіп сақшыларына тиіспегенін жеткізді. Ескертпе оқ атуға дейін ұласқан жайсыз оқиға кезінде тәртіп сақшысының қызметтік формасының кей тұсы сөгіліп, тіпті, сержант белгісі түсіп қалған.

Сот жаза мәселесін талқылағанда, құқық бұзушының жеке басын, іс әрекетінің сипатын, жұмыста жүргенін ескеріп, осы баптың санкциясында көзделген әрқилы жазаның ішінен құқық бұзушыға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салған жөн деп тапты. Енді ол 50500 теңгенің бір ай ішінде төлеп болуы тиіс.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз