Сәтпаев-Пушкин-Құлманов көшелерінің қиылысындағы жол қозғалысына шектеу қойылады

ФОТО ЖОЛ Жаңалықтар

Атырау қаласындағы Сәтпаев-Пушкин-Құлманов көшелерінің қиылысындағы жол қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл қала күні мерекесіне орай мәдени-көпшілік шаралардың өткізілуіне байланысты ұйымдастырылып отыр.

ФОТО - ЖОЛ

Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Олардың айтуынша, 14 қазан күні, сағат 19:00-23:00 аралығында облыс әкімдігі ғимараты артындағы Сатпаев-Пушкин көшелері қиылысынан бастап, Пушкин-Құлманов көшелері қиылысына (Пушкин көшесінің бойы) дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Қала тұрғындарынан жол бағыттарын алдын-ала жоспарлауға және көлік қозғалыстарына енгізіліп отырған уақытша шектеулерге түсінікпен қарауларын сұраймыз.

Айқара Ғұмар

Фото vlast.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз