«Рахымжан Отарбаев прозада да, драматургияда да өз орнын тапқан адам» (+ФОТО)

whatsapp image 2019 11 19 at 11.35.32 Жаңалықтар

Atr.kz/19 қараша, 2019 жыл. Бес күн бойы Атыраудың тұрғындары Рахымжан Отарбаевтың  III Республикалық фестиваліне келген театр ұжымдарының өнерін тамашалай алады.

III фестивальдің ашылу салтанаты Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өтті. Көрнекті театр қайраткерлері Асанәлі Әшімов пен Талғат Теменов шараға құрметті қонақ ретінде қатысты. Көрермендер   еліміздің түрлі өңірлерінен келген тоғыз өнер ұжымын қол шапалақтап, ықыласпен қарсы алды. Фестивальдің ашылуына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, сөз сөйледі.

–  Рахымжан Қасымғалиұлы проза мен драматургияда өз орнын тапқан адам. Әлеуметтік проблемаларға ешқашан бей-жай қарамай, ұлтжанды азамат болған ол – тек біздің өңіріміз емес, бүкіл қазақтың мақтанышы. Рахымжан Отарбаев Әбіш Кекілбаевтың, Әбу Сәрсенбаевтың, Хамит Ерғалиевтің, Фариза Оңғарсынованың асыл қазынасының мұрагері. Ұлттық мәдениетіміз пен өнеріміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан оның талантын басқа жұрт та танып, шығармалары бірнеше әлем тілдеріне аударылды.

whatsapp image 2019 11 19 at 11.35.33
whatsapp image 2019 11 19 at 11.35.31 1

Уақыт бөліп, фестивальге арнайы келіп қатысып отырған  Рахымжан ағамыздың ағайындарына, дос-жолдастарына ризашылығымды білдіремін. Осы фестивальге келген театр ұжымдарына, басшыларына алғысымды айтамын. Сіздердің өнерлеріңіз көрерменге қуат береді, – деді өңір басшысы.            

Қазақстанның Еңбек ері, фестивальдің төрағасы Асанәлі Әшімов Рахымжан Отарбаевтың мәдениет саласындағы, соның ішінде, театр өнеріндегі еңбегін атап өтіп, драматургтің адами, азаматтық қасиеттерін сипаттады. Рахымжан Отарбаевтың ұлы Ермерей Рахымжанұлы фестиваль қонақтары мен атыраулықтардың ыстық ықыласына ризашылығын білдірді.

whatsapp image 2019 11 19 at 11.35.31
whatsapp image 2019 11 19 at 11.35.33 1

– Осы шара басталғалы халықтың отансүйгіш қасиетін, әкеме, оның шығармашылығына деген құрмет сезімін байқап отырмыз. Сондай-ақ, осы фестивальге келген барлық артистерге әкеме деген сый-құрметтеріңіз үшін алғысымды айтамын, – деп Е.Отарбаев лебізін білдірді.   

Бес күн бойы Атыраудың тұрғындары еліміздің тоғыз театр ұжымының өнерін тамашалай алады.  

Фестивальдің ашылу салтанатынан кейін Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры көрермендердің назарына «Әміре» драмасын ұсынды.

whatsapp image 2019 11 19 at 11.35.32 2
whatsapp image 2019 11 19 at 11.35.32 1

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз