Теңіз кеніші: 17 мың жұмысшы уақытша үйлеріне қайтарылады (Толықтырылды)

000 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/14 сәуір, 2020 жыл ТШО алдағы апталарда жұмысшыларды уақытша кейін қайтаруды көздеп отыр. Бұл процесс кезең кезеңімен жүреді.


«Ондағы мақсат аурудың кең ауқымда тарап кетуінің алдын алу. Яғни, бұл жағдай Теңіз кенішіндегі қызметкерлердің денсаулығы үшін жасалып отыр» деп түсінік берді ТШО компаниясының Үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

img 20200414 wa0145


Жұмысшылар санын азайту базалық өндірісте және Болашақ кеңейту жобасында да болады. Белгілі болғанындай, әзірге базалық өндірісте барлық құрылыс жұмыстары толық тоқтатылады.
Болашақ кеңейту жобаларында бірінші қажеттіліктегі жұмыс түрлері ғана жалғасады.


Атап өтерлігі, жұмысы уақытша тоқтатылатын мердігер компанияларға ТШО қызметтік персоналдың жалақысын сақтауды ұсынған. «Бірақ, өтемақы төлеу мәселесі ҚР Еңбек кодексі аясында қаралуы керек» деп нақтылады сөзін спикер Рзабек Артығалиев.

img 20200414 wa0143


Белгілі болғанындай, Теңіз кенішінен жұмысшыларды эвакуациялау алдағы 3-4 аптаның ішінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайдың коронавирус инфекциясы табылған «Ватернас» вахталық қалашығына да тікелей қатысы бар. Алгоритмге сай оқшаулау уақыты аяқталғаннан кейін карантинге жабылған қалашықтан жұмысшылар шығарыла бастайды.


Қазірдің өзінде Теңіз кеніші аумағынан 500-700 адам шығарылған.
Жұмысшылар санының тікелей қысқаратынына қарамастан, спикер бұл жағдайдың мұнай өндірісі көлеміне әсері болмайтынын атап өтті. «Мұнай өндірісі көлемі тоқтамайды. Бұл бағытта жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр» деді ТШО өкілі Рзабек Артығалиев.


Еске сала кетелік, бүгінгі таңда Теңіз кенішінде ТШО компаниясына қарасты 400 – ге жуық мердігерлік компания жұмыс істеп жатыр. Бұдан бөлек мердігер емес компаниялар да бар. Қазіргі таңда ТШО жұмысшылар санын нақтылауда.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-%d2%9bauipti-infektsiyamen-63-adam-tirkeldi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз