Қазақстан Президенті инвестиция тартуда АХҚО әлеуетін белсенді пайдалануды тапсырды

Жаңалықтар

Аtr.kz/20 мамыр, 2020 жыл.  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” “Ақорданың” баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қаржы орталығының елдегі қаржы нарығын дамыту, инвесторлар мен қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау және АХҚО алаңында сауда-инвестициялық ынтымақтастық бойынша атқарылатын жұмыс жоспары туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарыстан кейін экономиканы қайта қалпына келтіру кезінде АХҚО-ның алдына қойылған міндеттерді тиімді іске асырудың маңыздылығына тоқталды.

Осы орайда Қазақстан Президенті инвестиция тарту және мемлекеттік активті жекешелендіру барысында, қор нарығын дамытуда АХҚО әлеуетін белсенді пайдалануды тапсырды. Ал шаруашылық дауларды шешуде АХҚО соты мен төрелік орталығына бизнестің қолжетімділігін қамтамасыз ету тиіс.

Сонымен қатар Президент АХҚО инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасын ілгерілету үшін Сыртқы істер министрлігі мен мемлекетіміздің шетелдік өкілдіктерімен бірлескен жұмыстарды жандандырудың қажеттілігін атап өтті.



Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған