Қалдық ҚАЗЫНАға айналса…

porpop Жаңалықтар

Аtr.kz/21 сәуір, 2020 жыл. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге асырып отырған елдер бар. Оны сұрыптап, қайта өңдеу – қоршаған ортаға пайдалы, кәсіпкерге де тиімді. Алайда, облыста осы проблема шешілмей келеді. Бұл мәселені реттеудің жолы бар ма?

Қаланың маңы көк түтін

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының б а с ш ы с ы Қ а д ы р ж а н Арыстанның айтуынша, Атыраудың ауқымы ұлғайып, тұрғындары көбейді. Тиісінше, шығарындының көлемі жыл сайын 30 мың тоннаға өсіп отыр. Қазір полигондағы тұрмыстық қалдықтың мөлшері 2,436 млн. тоннаны құрайды.

– Экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының үлесі (өңірдегі полигондар мен қоқыс үйінділерінің жалпы санына шаққанда) 20,9 пайызды құрайды. Биыл оны 25,5 пайызға жеткізу жоспарлануда, – деді басқарма басшысы.

Эколог мамандар полигондарда қалдықтарды жинақтау топырақты ластайтынын, едәуір алаңды бүлдіретінін айтады. Желдің әсерімен шаңның 10 шақырымға дейін жететінін, топыраққа тікелей әсер ететінін ескерсек, табиғат жанашырларының дабыл қағуы заңдылық. Оның үстіне атыраулықтар үшін тамақты қырнап, көзді ашытатын қала маңындағы көк түтін күнделікті көрініске айналды. Бұл проблеманың түйіні мәселеге жеткілікті мән берілмеуінде болып отыр. Шаһардан шыққан тұрмыстық қалдықтар 1977 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан полигонда көмілуде.

Бүгінде оның әбден тозығы жеткен. Экологиялық, санитарлықэ п и д е м и о л о г и я л ы қ талаптарға сай келмейді. Бақылаудың аздығынан, талаптың кемшіндігінен үйінділер өздігінен жанып, жиі түтіндеуде. Жыр болған жоба Қала ауасының таза, айналаның жинақылығына барлық тұрғындар жауапты болуы керек.

oporpop

Алайда, кейбіреулер олай ойламайды екен. Олардың көлікке тиелген қоқысты кез келген жерге аудара салатындығына қатысты нақты деректер бар. Полицейлер мұндайларды жауапкершілікке тартқанымен, заңсыздықтардың саны азаймауда. Сол себептен Атырау қаласының әкімі «Арнаулы автобаза» ЖШС-не қатты тұрмыстық қалдықты төккені үшін төленетін алымды алып тастауды тапсырды. Яғни, енді тұрғындар қажетсіз дүниесін полигонға тегін төге алады. Мұны нарықтық қатынастың көрінісі деуге келмес.

Дегенмен, қала тазалығы үшін осындай қадам жасалып отыр. Атыраудың солтүстік бағытынан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу мәселесі әлі күнге шешімін таппауда. Бұдан төрт жыл бұрын қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен «Полиграм» ЖШС болашақ нысанның жобасын жасауды қолға алды. Жоба былтыр зорға дегенде сараптамадан өткен болатын.

Алайда, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы «Атырау қаласында қ а т т ы т ұ р м ы с т ы қ қалдықтар полигонын салу құрылысының жобалаусметалық құжаттары моралдық жағынан ескірді, қазіргі талаптарға сәйкес келмейді» деп отыр.

Әуелгіде полигонмен қатар сұрыптау кешенінің құрылысын бюджет есебінен тұрғызу жоспарланған еді. Бүгінде бұл болжамның орындалмайтыны анықталды. Себебі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бүгінгі ұстанымына қайшы келеді. Құзырлы орын өкілдері «маңызды нысанға мемлекет қаражатын жұмсаудың қажеті жоқ. Қалдықтарды сұрыптау мен өңдеуді бәсекелестік ортаға беру қажет» деген пікірде.

Оның үстіне полигон құрылысы өте қымбат болып шықты. Оған 4,2 млрд. теңге қажет. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудың көлемін 2030 жылы 40 пайызға жеткізуді жоспарлауда. Қазір оның деңгейі өте төмен. Облыста бұл көрсеткіш 10,4 пайызды құрайды.

Азамат БАЗАРБАЕВ

mtmrp
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз