Президент несие бойынша төлемдерді уақытша тоқтатуды тапсырды

kredit v kazakhstane 58bc4ee739f34 Жаңалықтар

Atr.kz/23 наурыз, 2020 жыл. Бұл туралы бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтты.

«Халықтың барлық займдары бойынша төлемдерін тоқтата тұру қажет. Біріншіден, төтенше жағдай қолданысы кезеңінде бұған дейін қабылданған айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйыммен қатар халықтың барлық займдары бойынша негізгі қарыз бен сыйақы сомасын төлеуін тоқтата тұру қажет. Банктерден толық түсіністік пен азаматтық ынтымақтастық күтемін», – деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетелік, бүгін елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Аталмыш жиында Президент шұғыл тапсырмалар жүктеп, кепілсіз несие беретін ломбардтардың, онлайн кредиторлардың, микроқаржылық ұйымдардың азаматтарды алдауына жол бермеуін қадағалауды құзырлы органдарға міндеттеді.

«Бұл қазақстандықтар қиын-қыстау жағдайда өздерінің құқықтарын мемлекет қатаң қорғайтындығын білу үшін қажет», – деп нақтылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/nesie-%d3%99leumettik-paket-byudzhet-prezident-t%d3%a9tenshe-zha%d2%93daj%d2%93a-oraj-mindetter-zh%d2%afktedi/


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз