Президент Америкаға жұмыс сапарымен барды

190923131435107e 1 Жаңалықтар

Atr.kz/23 қыркүйек, 2019 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама штаттарына жұмыс сапарымен барды.

24.kz сайтының  хабарлауынша,  ҚР Президенті Нью-Йоркте өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысады. Сапар 5 күнге жалғасады деп жоспарланып отыр. Оның аясында көптеген шет мемлекеттердің басшыларымен екі жақты кездесулер өтеді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, бірқатар мемлекет және Үкімет басшыларымен, халықаралық ұйым жетекшілерімен, америкалық бизнес, трансұлттық компания өкілдерімен, АҚШ-тың саяси әрі сарапшы топ мүшелерімен кездесуі жоспарланған.

Айта кетейік, Президенттің АҚШ-қа келуі қарсаңында америкалық беделді басылым «The Hill» газетінде оның мақаласы жарық көрді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз