Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың виртуалды қабылдауы ашылды

oorp Жаңалықтар

Atr.kz/17 шілде, 2019 жыл. Мемлекет басшысы өзінің жеке парақшасына мыңдаған оқырман пікір жазып, сауал жолдап жататынын атап өтті.

«Олардың ішінде жүйелі түрде жұмыс істеуді қажет ететін күрделі мәселелер де бар. Әркім өз сұрағына жауап алып, пікірінің ескерілгенін қалайды. Алайда, барлық өтінішке осы парақша арқылы жауап беру мүмкін емес екенін өздеріңіз де жақсы түсінесіздер», – дейді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғаммен пікір алмасуды жолға қою, әрбір азаматтың сұрауын қанағаттандыру, мұқтаж жандарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында www.akorda.kz сайтында президенттің виртуалды қабылдауы ашылғанын айтты.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде виртуалды қабылдауға көптеген хаттар келіп түсуде. Республика азаматтарының жеке немесе қоғамдық сипаттағы түрлі мәселелері бойынша өтініштері қаралады.

«Әр хат ресми тіркеледі, оны өзім де қараймын және әкімшілік қызметкерлері де қарастырады. Бұл – еліміздің әрбір азаматы ресми түрде сұрау салуға мүмкіндік беретін, заңды күші бар виртуалды қабылдау», – деп түйіндеді президент.

Дереккөз: Спутник Қазақстан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз