Парламентте латын әліпбиінің бірыңғай үлгісін енгізу мәселесі талқылануда

lNEaW2Di5UiTXim8WK6uQKtK6fQkO7 Жаңалықтар

Бүгін Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

lNEaW2Di5UiTXim8WK6uQKtK6fQkO7

«Парламенттік тыңдауға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев, Сенат және Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс тобының ұсыныстарын талқылау қарастырылады», – делінген хабарламада.

Талқылауға сондай-ақ, әліпби жобасын әзірлеуші А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының және Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылым және мәдениет қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар, оның ішінде шетелдіктер, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Парламенттің тыңдау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданбақ.

Н.Нұртай

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз