Парламент депутаттары Атыраудағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты

Жаңалықтар

Атырауға жұмыс сапарымен келген Парламент депутаттары өңірдегі көптеген нысандарды, кәсіпорындарды аралап, олардың жұмыс барысымен танысты.

qOdO8znxcWo

Осы орайда, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев, облыстық мәслихат хатшысы Өмірзақ Зинуллин Атырауда салынып жатқан фармацевтикалық зауытқа барды. Құрылыс қарқынына көз жеткізіп, аталған зауыттың болашақтағы маңызына тоқталды.

ok4JyHiYfAs

Сонымен қатар, халық қалаулылары «Каспий Лана Атырау» жүн өңдеу зауытының жұмысшыларымен кездесті. Олармен Елбасының Жолдауынан туындаған маңызды бағыттарға байланысты ой бөлісіп, кәсіпорынның алдағы жоспарына қанықты.

Ал, бүгін Парламент депутаттары «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ы және Атырау Мұнай өңдеу зауытының қызметкерлерімен кездеседі.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз