Отандық ғалымдар Мемлекет басшысына коронавирусқа қарсы өз әзірлемелерін таныстырды

depositphotos 344965380 xl 2015 pic905 895x505 41033 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/6 сәуір, 2020 жыл. Қазақстанда COVID-19-ды анықтауға арналған тест-жүйелері әзірленді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев М. Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Ұлттық биотехнология орталығының ұжымдарына құттықтау хат жолдады. 

«Ғылыми институттардың ұжымдарын COVID-19 коронавирусын анықтауға арналған диагностикалық тест жүйесін әзірлеуімен құттықтаймын! Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары халықаралық стандарттарға сай келетін қажетті тест жүйесін қысқа мерзімде жасап шықты. Сіздердің жетістіктеріңіз отандық биомедицина саласының бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін көрсетеді. Әлемге тараған коронавирус індетіне қарсы күрес жүріп жатқан кезде бұл жаңалықтың ұсынылуы өте маңызды болып отыр. Әзірленген тест жүйесі мыңдаған азаматымыздың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі деп сенемін», — деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

«Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы»

http://atr.kz/bez-rubriki/biz-birgemiz-internette-haly%d2%9bty%d2%a3-ruhyn-k%d3%a9teretin-bejne-klipter-k%d3%a9bejip-zhatyr/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз