АТЫРАУДЫҢ ОРТАЛЫҚ ДАҢҒЫЛЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Atyrau Жаңалықтар


Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл.  Атырау қаласындағы Қаныш Сәтпаев даңғылына Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру жөнінде ұсыныс жасалды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті XXXVI сессиясында айтылды.

Сессия барысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек Рысқалиев  қаланың орталық көшесінің бірін Тұңғыш Президенттің есімімен қайта атауды ұсынды.  Ол  Қаныш Сәтпаев даңғылын ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп атауды, ал, академик есімін Азаттық даңғылына ауыстыру жайында айтты. Қалалық мәслихат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады. Енді бұл мәселе ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылмақ.

Na ulitsah Atyirau
????????????????????????????????????

Сондай-ақ, сессия кезінде бірнеше мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Малика ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз