Өзгер! Волонтер бол! Жасөспірімдер арасында еріктілерге іріктеу жүріп жатыр

photo5921315723181927105 Жаңалықтар

Аtr.kz/28 мамыр, 2020 жыл. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобаларына волонтерлар іздеп жатыр.

Іріктеудің мақсаты – экология және тарихи-мәдени мұраларға қатысты жобаларды іске асыру үшін 2000-ға жуық волонтер іріктеу.

Волонтерлерді іріктеу кезінде жас шектеуі қойылмайды.

Өтінімдер 2020 жылдың 7 маусымына дейін қабылданады.

Іріктеліп алынған 2000 волонтер «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобалары аясында оқудан өтеді.

Оқуды сәтті аяқтаған барлық волонтерлер «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобаларының волонтерлер қатарына қабылданғанын растайтын сертификат алады.

Іріктеуден өткен волонтерлер алған білімдерін бағыттар бойынша іс-шараларға қатысу арқылы тәжірибеде қолдана алады. Ең белсенді волонтерлерді анықтау үшін қосымша байқаулар, фестивальдар және т.б. шаралар өткізіледі. Волонтерлердің ізгі істері мен бастамалары ұйымдастырушылардың ресми ақпараттық ресурстарында «Апта Волонтері» айдарында жарияланатын болады.

photo5921510216480959220

Үздік волонтерлер 2020 жылдың қараша айында Тараз қаласында өтетін қорытынды мерекелік шараға қатысуға шақырылады. Ең үздік волонтерлердің жетістіктері мен тәжірибелері Қазақстанның барлық өңірлеріне таратылатын Үздік тәжірибелер жинағына кіреді.

Тіркелу үшін анкета толтыру қажет (сілтеме @birgemiz_asyl_mura, @birgemiz_taza_alem биосында).

http://atr.kz/bez-rubriki/parlamenttik-oppoziciя-turaly-zan-prezidentke-zhiberildi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз