ӨЗЕКТІ СҰХБАТ: Жол құрылысына қажетті материал сапасы стандартқа сай ма?

2 3 Жаңалықтар

Аtr.kz/25 мамыр, 2020 жыл. Жол сапасын жіті бақылау. Бұл – «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мекемесінің ең басты ұстанымы.

Осыдан бір жыл бұрын құрылған мемлекеттік кәсіпорынның Атырау облыстық филиалы да сол уақытта ашылып, күні бүгінге дейін облыстағы жалпы пайдаланылымдағы республикалық және жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдарын 605 рет тексеріп, 506 жол құрылыс материал­дарын сынақтан өткізген. Нәтижесінде жол салу, жөндеу жұмыстарынан 115 ақау табылып, оның 44-і бүгінге дейін жойылмаған. Ал, жол құрылысына қажетті 40 материал сапасының стандартқа сәйкес еместігі анықталған. Жал­пы, бұл орталықтың атқарған жұмысы, алдағы жоспары, бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша директорының міндетін атқарушы Жантас ШАРИПОВПЕН тілдескен болатынбыз.

 – Жантас Ғазизұлы, бұл орталықты құрудағы көзделген мақсат қандай? Әңгімемізді осыдан бастасақ.

– Қазіргі таңда облыста 422 шақырымдай автомобиль жо­лын қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Ал, жол сапасын жақсарту – бізге қойылған басты міндет. Кәсіпорын бір жыл бұрын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің база­сында құрылды. Ұлттық сапа орталығы еліміздегі жалпы пайдаланымдағы автомо­биль жолдарын салу, жөндеу жұмыстарын тексереді және пайдаланылатын жол құрылыс материалдарының сапасын сараптамадан өткізеді. Зерт­хана 2019 жылға дейін тек республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының са­пасын тексерумен шектелді. Кәсіпорын құрылғалы Ав­томобиль жолдары туралы заңына өзгерістер енгізіліп, облыстық деңгейдегі және елді мекендердегі автомобиль жол­дарын сараптамадан өткізу құқығы берілді.

Тұ т а с т ай ре спу б лик а көлемінде, сонымен қатар, об­лысымызда жыл сайын қомақты қаражат бөлініп, жол салу, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Біздің мақсатымыз – жол сапа­сын, оған пайдаланылатын мате­риалдарды сараптамадан өткізу арқылы, сапасыз жол салуға, сапасыз жөндеуге жол бер­меу. Мемлекет қаржысының желге ұшпауының алдын алу. Себебі, сапасыз салынған жол мен стандарттарға сай емес материалдарды пайдалану жолдың жарамдылық мерзімін қысқартады. Яғни, мерзімінен бұрын жол жөндеуге бюджет­тен қаражаттың жұмсалуын азайтуға атсалысу.

– Жалпы, облыстағы жолдардың сапасына сын көп айтылады. Бұл бағыттағы тексеру жұмыстары қалай жүзеге асырылады?

– Айына 2-3 рет жол салу және әртүрлі сипаттағы жол жөндеу жұмыстарының нысан­дарын аралап, технологияның сақталуын және пайдаланыла­тын құрылыс материалдарының с ы н а м а л а р ы н а л ы п , з е р т х а н а л ы қ с ы н а қ т а н өткіземіз. Нәтижесінде, техно­логиядан ауытқушылық немесе жол құрылыс материалдары стандартқа сәйкес келмеген жағдайда, тапсырыс берушіге хат жүзінде ескертіп, мердігер мекеменің кемшілікті жоюын талап етеміз. Сапасыз материал­мен салынған жолды қайтадан бұзып, ақаулар жойылған кез­де де кері тексеріп, сынақтан өткіземіз.

– 1 жыл ішінде анықталған нақты фактілерді келтіре кетсеңіз.

– 2019 жылы республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын 561 рет тексеріп, 491 жол құрылыс материалдарының сынама­лары алынды. Нәтижесінде жол салу технологиясында 84 ақау анықталды, бұның 44-і жойылған жоқ. 36 жол құрылыс материалының стандарттарға сәйкес еместігі анықталды. Осының ішінде облыстық деңгейдегі автомобиль жол­дарын атап айтсақ, 101 рет жолға шығып, 206 жол құрылыс материалдарының сынама­лары алынды. Нәтижесінде 28 ақау анықталды, бұның 18-і жойылған жоқ және 18 жол құрылыс материалдары стандарттарға сәйкес еместігі анықталды. Неге мен облыстық деңгейдегі жолдарды бөлек атап өттім, себебі, өкінішке орай, бұл жолдарда ақаулар басым.

– Неліктен?

– Оның себебі де бар. Осы кәсіпорын құрылғанша бұрын болған мекеме тек республикалық маңыздағы жолдарды қарады. Үкімет осы­ны ескеріп, жаңадан кәсіпорын құрыл ғ анда жерг і л і к т і деңгейдегі жолдарды қадағалау құқығын берді. Енді сапа арта­ды деп сеніп отырмыз. Әрине, бұған тек осы кәсіпорынның әлі келмейді, тапсырыс берушілер мен мердігер мекемелер де жауапкершіліктерін арттырып, түсіністікпен қарағаны жөн.

– Табылған ақаулардың әлі күнге дейін жойылмауына не себеп?

– Жолдағы ақаулардың басым бөлігі өткен жыл соңында анықталды. Құрылыс маусымының аяқталуына бай­ланысты дер кезінде жойылмай, биылғы көктемге қалды. Жол салу маусымы енді басталып жатыр және еліміздегі карантинге байланысты құрылыс жұмыстары да кешеуілдеді. Бірақ, біз анықталған ақауларды ашық күйінде қалдырмаймыз. Тапсырыс берушілер арқылы кемшілік жіберген мердігер мекемеден оны жоюды та­лап етеміз. Ал, егер, сын­нан қорытынды шығармаса ұлттық сапа орталығы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі арасындағы меморандумға сәйкес, әрекет етеміз. Яғни, осы аталған Агенттіктің Аты­рау облыстық департаменті қызметкерлерімен және «Атырау – адалдық алаңы»  жобалық кеңсесі, сондай-ақ, БАҚ өкілдерімен қайтадан тексерулер ұйымдастырамыз.

Осы мақсатта «Сапалы жол» жобасы аясында өткен жылы Ақтөбе-Атырау-РФ ше­карасы бағытындағы жолды қайта жаңғырту және Аты­рау қаласының Құрманғазы көшесінің қайта жаңғырту жұмыстарын бақыладық. Біраз кемшіліктер анықталды. Қайта қалпына келтіруге талап қойылды.

– Демек, сапа жақсара түседі…

– Иә. Біз өткен жыл соңынан бастап, жергілікті деңгейдегі жолдарды тексеруді бастағалы, мердігер мекемелер жауапкершілікті сезіне баста­ды. Жол салатын, асфальтбетон қоспасын шығаратын жеке ме­кемелер де бізге жұмыстарын, шығаратын өнімдерін тексерту үшін келісім-шарт жасасқалы жатыр. Бұл – сапаға бет бұрылды деген сөз.

– Осы ретте жұмыс процесі туралы айта кетсеңіз. Яғни, жол сапасы қалай тексеріледі?

– Кәсіпорын инженерлері  м е н з е р т х а н а ш ы л а р ы материалдардың сапасын қарап қана қоймайды, соны­мен қатар, бұл материалдарды жолға салу технологиясының сапасын да тексереді. Мысалы, топырақ қабатына салынған топырақтың тығыздығын, жол төсемесіне салынатын материалдардың құрамын, мықтылығын, үгіткіштілігін, қажалғыштығын және жол жамылғысына пайдаланыла­тын асфальтбетон қоспасының құрамын, мықтылық шегін, би­тум құрамын, су сіңіргіштілігін, суға қарсы тұра алатын коэффициентін, тығыздық коэффициентін анықтаймыз. Салынып болған соң да технологияның сақталған- сақталмағанын анықтаймыз. Жол төсемесінің ең соңғы нүктесі – жол жамылғысы, яғни, асфальтбетон. Осы ма­териалды біз үш кезеңнен тұратын сынақтан өткіземіз. Бұл зерттеулерді жүзеге асыра­тын құрал-жабдық жеткілікті. Зертхана жыл сайын жаңа құрылғылармен толығып оты­рады. Жақында ғана су жаңа «кернотборинк» құрылғысы алынды. Жылжымалы жол зертханасы да бар.

– Елімізде жол салу­шы мамандарға сұраныс жоғары. Сіздің мекемеде маман тапшылығы бар ма?

– Тапсырыс берушілер, мердігер мекемелер және ө з і м і з д і ң к ә с і п о р ы н д а д а т ә ж і р и б е л і ж о л мамандарының толықтай жетіспеушілігі байқалады. Сол себепті кәсіпорынның бас директорының тапсырмасы бойынша мектептерге жол саласының мамандығын та­ныстыру сабақтарын жүргізе бастадық. Атырау қаласындағы оннан астам мектепте жоғары сынып оқушылары ара­сында кәсіби бағдар беру кездесулерін ұйымдастырдық. Карантинге сай, ZOOM жүйесі арқылы таныстыру сабақтарын жалғастырдық. Бұл ісімізбен біз түлектерді жол саласына шақырдық.

Жалпы, «жол салу» деген бір сөзбен айтылғанымен, бұл саланың қызметі өте ауқымды әрі күрделі.

– Сөз соңында алдағы жоспарлар жайынан хабар­дар қылсаңыз…

– Б и ыл 2020 жылы республикалық маңыздағы жол­дарда көп жұмыстар атқарылмақ. Әсіресе, «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы»(Астрахан бағыты) автомобиль жолының қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, ор­таша жөндеу жұмыстары да атқарылмақ және де жыл сай­ын атқарылуы тиіс – жолды күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстары да бар. Жергілікті деңгейдегі автомо­биль жолдарындағы жұмыстарды қадағалауымыз керек. Сонымен қатар, Атырау облыстық жолау­шылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасы, Атырау қалалық ТКШ, жолаушылар та­сымалы және автокөлік жолдары бөлімі және бірнеше аудандар­мен биыл салынатын жолдардың сапасын тексеруге келісім-шарт жасалуда. Біздің кәсіпорынның ұраны – «Жақсы жолдан – жарқын өмірге!» Осыған сәйкес алға қойған мақсатымыз да облыс көлеміндегі автожолдардың сапа­сын арттыру.

Әңгімелескен: Гүлжан ӘМІРОВА

*КЕРЕК ДЕРЕК:

 *Дүниежүзілік жүк тасымалының үлесін алып қарасақ, басым бөлігін автомобиль тасымалы құрайды екен. ТМД елдерінде, тоннаж бойынша авто­мобиль жолы 68 пайызбен алда келеді. Екінші орында 17 пайызбен темір жол көлігі, ал, үшінші орында 13 пайызбен құбырмен тасымал тұр.

*Көпшілік асфальтбетонның астында не бар екендігін біле бермеуі мүмкін. Асфальтбетон астында жол құрылыс материалдарының құм, малтатасты құмды қоспа, қиыршықтастың түрлерінен құралатын қабаттар жатады және оның ең үстінде 1-3 қабаттан тұратын жол жабындысы болады.

Осының бәрі жол төсемесі болып аталады және де қалыңдықтары ол жолдың мақсаты мен жол санатына байланысты 30 см-ден 80 см-ге дейін болады. Бұл қабаттар өз кезегінде қатаң сақталған технологиялармен салы­нады. Ауа-райы, өте ауыр салмақты жүк көліктер де жолдың нашарлауына әсер етеді. Жол салу технология­сын сақтап және стандарттарға сәйкес материалдар пайдаланған кезде ғана, автомобиль жолы табиғат құбылыстарына және автокөлік салмақтарына төтеп бере алады. Автомобиль жолы құрылысы саласы – әрі қымбат, әрі материалды көп тұтынғыш, әрі қажырлы еңбекті қажет ететін сала.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз