Өндірісті өңірде жасыл желек жапырақ жайды

aprarara Жаңалықтар

Atr.kz/15 мамыр, 2020 жыл. Қала орталығындағы Фариза Оңғарсынованың ескерткіші маңында көгалдандыру жұмыстары жүруде.

Алдағы уақытта бұл аралық – жасыл көгалдар мен гүл композициялары қараған жанның көз жауын алғалы тұр. Бекітілген жердегі жұмыстарды агроном Людмила Зевакина қадағалайды. Оның қарауында 25 адам жұмыс жасауда. – Бағбандар жерді өңдеуден бастап, суару жүйесін жасақтап, гүлдерді егу және күтумен айналысуда. Шаһар орталығындағы бұл жерде ашық түсті гүлдер жайнап өсіп, қала тұрғындары мен қонақтарды ерекше күйге бөлемек. Өзіңіз көзге елестетіп көріңізші!? Бұл сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес тамаша көрініс болмақшы, – деді Людмила Зевакина.

Бек АЙДАРӘЛИ

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз