Облыс әкімі Құрманғазы ауданындағы газ құбыры құрылысының сапасын тексерді

IMG 1206 28 07 18 01 34 Жаңалықтар

Құрманғазы ауданына жұмыс сапарында Нұрлан Ноғаев Азғыр Азғыр өңіріне тартылып жатқан газ құбырымен танысты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG_1206-28-07-18-01-34

Аталған аймақтағы газ құбырының құрылысы 2017 жылы басталған, ол 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарлануда. Жалпы, газ құбырының ұзындығы 365 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта 274 км-ге құбыр тартылған. Ресеймен шекаралас жатқан Азғыр өңірінде 10 елді мекенде 7 мыңнан астам тұрғын бар.

– Мемлекет басшысының шекаралас аймақтарды дамыту қажеттігі туралы тапсырмасына сәйкес Азғыр өңіріндегі елдімекендерді газдандыру және электр желілерін жүргізу концепциясын жасадық. Қазір газдандырудың соңғы сатысы жүріп жатыр. Ендігі міндет – ауылішілік газқұбыры құрылысына, әлеуметтік нысандарға қосуға дайындық жұмыстарын бастау. Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болады, -деді Нұрлан Ноғаев.

IMG_1209-28-07-18-01-34

Сондай-ақ, аймақ басшысы Азғыр өңіріндегі Қошалақ, Үштаған, Асан, Азғыр, Балқұдық әлеуметтік нысандарды аралап, Ресей Федерациясымен шекарадағы «Балқұдық» рұқсат беру бөлімшесінің жұмысымен танысты. Шалғайдағы ауылдардың тұрғындарымен кездесті.

Айта кетейік, 2016 жылы Нұрлан Ноғаев Атырау облысындағы 7 ауданды және барлық 72 селолық округке барып, қарамағындағыларға елдімекендерді дамытуға қатысты 223 тапсырма берген еді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. азғыр өңірінің бір азаматы Асылбек Жүсіпұлы

    Нұрлан Асқарұлы! Игі бастамалар сәтімен аяқталып, Азғыр өңірі халықының ақ батасын алыңыз. Енді жол мәселесән оңды шешсеңіз нұр үстіне нұр болар еді. Сіздей ел қамын ойлайтын азаматтарымыз көп болсын! Сізге зор денсаулық берсін, отбасы қызығын көріңіз!