Оқушының жолақысы қанша?

1520942738 elektrondy zholaky Жаңалықтар

Atr.kz/20 тамыз, 2019 жыл. Газетіміздің арнаулы тілшісі Меңдібай Сүмесінов қоғамдық көлік мәселесін тағы да көтерді. Расында да, жолақының қымбаттауы, төлем тәсілінің өзгеруі жұртшылықты алаңдатуда. Осы орайда редакция поштасына түскен оқырмандарымыздың сауалына «Смарт Атырау» КММ директоры Әділбек ТАҢКИЕВ жауап береді.

– Мектеп оқушылары міндетті сабағынан басқа спорт секцияларына, түрлі үйірмелерге қатысады. Қазір белгілі болып отырғанындай, енді бұл үшін олар жолақының жартысын төлеуі тиіс екен. Осындай шешім алынса, әрине, көнуге тура келеді. Бірақ, қандай сомадан? Бұрынғыша 80 теңгенің жартысы ма, әлде жаңадан енгізілетін 150 теңгеден бе? Осы арасы түсініксіз. Қаламқас САҚАУОВА, Ақжар ауылы ЖАУАП: – Оқушыларға арналған арнайы карта жасақталатын болады. Екі жүріс тегін болып, үш жүрістен бастап 40 теңге болады.

Мүгедектер мұңаймаса екен…

– Ақыры жолақы қымбаттайтын болды. Төлем картасы жоқтар екі еседей артық төлесе, солай деуге тура келеді. Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі жандар қалай қорғалмақ? Бұрын зағиптар ұйымының мүшелері тегін жүретін. Енді ше? Жалпы, тілші мақаласында орынды айтылғанындай, бүгінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен бірінші топ мүгедектері қоғамдық көлікті пайдаланбайды. Ал, соғыс ардагерлері – тоқсаннан асқан ақсақалдар. Төсек тартып жатқандары бар.

Ал, арбаға таңылған жандар көлденең кісінің көмегінсіз қозғала алмайды. Олар арнайы көлікті пайдаланады. Оларға барынша жағдай туғызылды дегенмен, солардың көпшілік ортада өздерін еркін сезінуі мүмкін емес. Екінші топ мүгедектері де автобусқа көп мінбейді. Сонда мекеме басшылары кімдерге жеңілдік жасап отыр? Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жете сезініп, барлық мүгедек жандарды тегін тасымалдаса, сол жарасымды емес пе? Әлі де ойланар. Дәл содан кәсіпорын қоржыны ортайып қалмас. Сәдуақас ЖАРЫЛҒАПОВ, Атырау қаласы

ЖАУАП:

– Барлық топтағы мүгедектерге тегін арнайы карта жасақталатын болады және толықтай тегін жүру құқығы беріледі. Атырау қаласы бойынша теміржол вокзалы, Вокзал маңы, перзентхана және Авангард аялдамаларында арнайы сату бөлімдері жасақталған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз