Нұр-Сұлтан қаласы: атыраулықтар Елорданы жаңа атауымен құттықтады

Жаңалықтар Нұр-Сұлтан

Atr.kz/23 наурыз, 2019 жыл. Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бүгін еліміздің бас қаласы елорданың Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгертілді.

Бұл жаңалыққа атыраулық өнер иелері қолдау білдіруде. Атаулы күннің құрметіне, бүгін Атырау қаласындағы Маxамбет атындағы академиялық қазақ драма театры алаңында салтанатты концерт болып өтті. Түрлі жанрда әннен шашу шашылған концертте театр ұжымы қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Концерт барысында Atr. kz Атырау тұрғындарының Бас қала атауына байланысты пікірлерін білген болатын.

Гүлмира ШЫМАНОВА, Атырау қаласының тұрғыны:

Елбасының ерен еңбегі еленуі қажет. Нұрсұлтан Назарбаев – еліміздің тұрақтылығы мен бейбіт өмір сүруіне ықпал еткен бірегей тұлға. Астана қаласына Елбасы атын беру тарихи шешім.

Зәру ЫРЫСҚАЛИЕВА, зейнеткер ұстаз:

Елбасы саясаты бізді жарқын болашаққа жетеледі. Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық даму көрсеткіштері Орта Азияда көш бастап тұр. Еліміздің бүгінгі жетістіктері Елбасы есімімен тығыз байланысты. Демек, Нұр – Сұлтан атты жаңа қала атауының болуы заңдылық. Кезінде Америка да Вашингтон қаласын көшбасшыларының құрметіне берген болатын.

Фархад КАРАПИДЕНОВ. Фото автордікі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *