«Нұр Отан» партиясының XVIII съезіне қатысушы атыраулық делегаттар ұсыныстарымен бөлісті

20190226221401 Жаңалықтар

  Atr.kz/27-ақпан, 2019 жыл. Бүгін Астана уақытымен 11:00-де «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі басталады.

  Кезекті съезд «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Онда партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын талқылау, партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, партиялық органдардың есебін тыңдау және партия Саяси кеңесінің құрамын жаңарту жоспарланған.

20190226221401

         Аталған съезге Атыраудан да арнайы делегаттар қатысуда. Съезд еліміздің экономикалық, қоғамдық саяси өміріне қандай өзгерістер әкеледі? atr.kz-ге берген сұхбатында атыраулық делегаттар ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Ержан СӘЛІМГЕРЕЕВ,

Паразиаданың екі дүркін чемпионы, Әлем кубогының екі дүркін иегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

Мақсатым – болашақ чемпиондарды тәрбиелеу

         «Нұр Отан» партиясы жетекші саяси ұйым ретінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына ықпал етіп келеді.

         Қазіргі таңда партия съезі мемлекетік даму тарихымыздың ең бір жауапты кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр.

Erzhan 2

         Съезде әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жағдайы төмен отбасылар мәселесі басты назарда болады деп сенемін. Көп балалы ата-аналарға жәрдемақы мөлшерін ұлғайту мәселесі қарастырылуы қажет.

         Биыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде «Жастар жылын» жариялады. Түрлі жобалар қабылданды. Сондықтан, атаулы жыл аясында жастарға кәсіптік білім алу, бизнес бастау, өзінің ісін кеңейту бағытымен бірге, жас отауларды ұлықтау мәселесі де назардан тыс қалмаса деймін.

Жастар жылының Астана қаласындағы ресми ашылуында Президенттің алдында басты мақсаттарымның бірімен бөліскен едім. Өзімнің туған өлкем Атырау қаласына Еркінқала ауылында спорттық нысан салып, болашақ чемпиондарды тәрбиелегім келеді. Жастар жылы аясында осындай бастамаларға қолдау болады деп сенемін.

Әміржан НҰРЛАНҰЛЫ,

«Жас интеллектуал» үкіметтік емес ұйымының төрағасы, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры әртісі:

Өңір азаматтарының белсенділігі керек

«Нұр Отан» 20 жыл ішінде Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен қоғамның жетекші күшіне айналды.

         «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIIІ Съезіне Атырау аймағынан келген делегаттардың қатарын белсенді жас ретінде қатысу мен үшін зор мәртебе.

Әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыруды көздейтін партияның алдағы онжылдыққа құралған он басты мақсаты бар. Олар – белсенді әлеуметтік саясатқа көшу, әр адамды болашағына пайдалы қолжетімді біліммен қамту, дені сау адамдардан мықты ұлт қалыптастыру, жаһанға бірдей әл-ауқат мақсаттарында экономиканың өсуі, қоғамның әл-ауқатының негізі ретінде бизнесті қолдау, азаматтардың қолайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау. Сондай-ақ, азаматтардың мүддесінде мемлекеттің тиімділігін арттыру, жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамын қалыптастыру, жастарды қолдау мен партияның ұзақ мерзімді саяси жетекшілігін қамтамасыз ету болып табылады.

photo 2

Бұл съезд әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралардың бастауы болатындай. Съезд жұмысынан аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету ісін күшейту, жас жанұялардың баспана жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін арттыру, өңірлерді жан-жақты дамыту, жастарды тұрақты жұмыспен қамтудың тетіктерін қамтитын жаңа бастамалар күтеміз. 

«Туған жерге – туың тік» дейді халқымыз. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтерудегі партияның қолға алған жаңғыру жолындағы жаңа бастамаларын жүзеге асыруға өңір азаматтары атсалысса деймін. Себебі, біріге күш жұмсаған жағдайда алынбайтын қамал болмайды.

Ізтұрған БАЙМҰХАНОВ,

«Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы:

Мақсат – өмір сүру сапасын арттыру

         Бүгінде қазақстандық кәсіподақ ұйымдары еңбеккерлер құқықтарын табысты қорғап, еңбек жағдайы мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жұмысшы-қызметкерлердің жұмысы мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ерекше көңіл бөле бастады.

          Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясы өзіне еңбек саласын жаңғырту жөнінде жауапкершілік ала отырып, жұмыс берушілермен бірге барлық қызметкерлердің Ата Заңымызбен белгіленген құқықтарын қорғап, үшжақты әлеуметтік әріптестікті нығайтуға күш салуда.

Izt r an Bajm hanov

          «Нұр Отан» париясының кезекті съезінде делегаттар Елбасының бес әлеуметтік бастамасынан туындайтын өзекті мәселе – халықтың әлеуметтік жағдайын, әсіресе, көпбалалы  және әлеуметтік әлсіз топтар санатындағылардың  өмір сүру сапасын көтеру, бизнес үшін несиенің қолжетімділігін арттыру жөнінде келелі әңгімелер қозғайды деп үміттенемін.

         Біз  Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауға, еңбек жанжалдарын шешуге, еңбекшілердің құқықтарын қорғауға, еңбек шарттары мен қауіпсіздігін жақсартуға ықпал ету арқылы кәсіподақ белсенділерінің көмегімен қоғамдық ұйым беделін көтеруге жұмыстанатын боламыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз