Ноғаев жекпе-жектен чемпион болған Исатайды батырға теңеді

Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жекпе-жектен Қазақстан чемпионы атанған Исатай Теміров пен сайысқа қатысушыларды бұрынғының батырларына теңеді. Ел біріншілігі Атырау қаласында кеше 26 ақпанда аяқталды.
pogudx7bt012vjvt8.0123cef8
Екі күн өткен жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ге жуық спортшы келді. Олардың отызы Атырау облысының батырлары. Ерлер он салмақ бойынша, әйелдер бес салмақ бойынша бақ сынасты. Атырау облысынан әйелдер қатысқан жоқ.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Алматы облысы алды. Екінші орын Ақтөбе, үшінші орын Атырауға бұйырды. 85 келі салмақта Атырау облысының намысын қорғаған Исатай Теміров чемпион атанды.

SNAm2Op0zTA

“Бұрынғының батырлары дәл сіздердей болған шығар. Рухы биік, намысы берік азаматтарымыз көп болсын”, – деді Ноғаев.

Дүниежүзілік жекпе-жек қауымдастығының президенті Сабыржан Ғалымұлының айтуынша, бұл дода ЭКСПО-2017 кезінде Астанада өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі.

Айта кетелік, Атыраудағы сайыста бірінші және екінші орын алған спортшыларға “Спорт шебері” деген атақ беріледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз