Назар аударыңыз: Интернет-конференция!

opropr Жаңалықтар

Atr.kz/9 тамыз, 2019 жыл. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға, яғни мемлекеттік қызмет саласын жандандыруға бағытталды.

Осы орайда, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында «Atyraý» газетінің редакциясы биылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Руслан Кәрібайұлы Тұңғышбаевпен интернет-конференция өткізеді.

Осыған орай, мемлекеттік қызметке орналасу, тестілеуден өту, бос және уақытша бос лауазымдар үшін жалпы конкурстан өту тәртібі бойынша сауалдарыңызды алдын-ала 8 (7122) 45-85-24, 45-86-43 телефон нөмірі арқылы және +7 778 664 64 27 whatsApp желісіне немесе maikour@mail.ru электронды поштаға жолдауға болады.

opropr 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз