Нарын мен Каспий арасы

ұлт жоспары міндет пен меже басты жаналык Жаңалықтар

Өркендеген өлкеге айналды

Нарын құмының етегін ала орналасқан Исатай ауданында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қатар дамыған. Тұтастай алғанда, өлкенің өрелі істерді өрге сүйреуге мүмкіндігі мол. Соңғы кезде біраздан бері өзекті саналған әлеуметтік мәселелер де ретімен шешіліп келеді. Бұл туралы аймақ басшысы Тұрарбек Сұлтанбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен жүздесуінде кеңінен әңгімеледі.

%d2%b1%d0%bb%d1%82-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%b6%d0%b5-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0

Қос өзен аралығына алғаш рет табиғи газ 2000 жылы келген-ді. «Көгілдір отынның» үстінде отырып, оның қызығын көре алмаған тұрғындар бір серпіліп қалған. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыс жаңаша ұйымдастырылып, одан әрі жалғасуда. Мәселен, Жайық мұнай-газ өндіру басқармасы былтырдан бері кен орындарынан алынатын ілеспе газды кәдеге жаратып, бірқатар елді мекендерге ұсынуда.

«Ақ бұлақ» бағдарламасына орай аудан халқын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 97,7 пайызға жетті. Бүгінде орталықтан 45-60 шақырымдағы Қызыл үй мен Жасқайрат ауылдарына құбыр тарту үшін жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. Келер жылы құрылысы басталуы күтілуде.

Соңғы бес жылдан бері жол жөндеу ісі қолға алынды. Қазір үш округтің кірме және төрт ауылдың ішкі жолдары жаңғыртылды. Адамдардың қауіпсіздігі үшін Аққыстаудағы темір жол үстімен аспалы көпір салынады.

%d2%b1%d0%bb%d1%82-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%b6%d0%b5-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0

Он жыл бойы ауданда мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысы жүргізілмеген-ді. Былтыр 60 пәтерлік ғимарат пайдалануға беріліп, көпшілікті қуанышқа кенелтті. Сонымен қатар, бір пәтерлік он үйде қоныс тойы тойланды. Қазір НКОК компаниясының демеушілігімен 60 пәтерлік тағы бір үй салынуда.

Тәуелсіздік жылдары ауданда алты мектеп, бес балабақша, орталық аурухана мен емхана, төрт дәрігерлік амбулатория, екі мәдениет үйі мен бір дене шынықтыру-спорт кешені салынып, бұ-рынғылары күрделі жөндеуден өткен-ді. Қазір мектеп пен клуб тұрғызылуда. Бірқатар игілікті іс «ҚазМұнайГаз», НКОК және КТК-К тәрізді ір компаниялардың демеушілігімен жүзеге асуда. Демек, жергілікті атқарушы билік бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында инвесторлармен де икемді қарым-қатынас орнатқан.

%d2%b1%d0%bb%d1%82-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%b6%d0%b5-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0

Кейбір әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді сөз етсек, биылғы үш тоқсанда 96,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Барлығы 916,2 мың тонна мұнай мен 32,6 млн. текше метр ілеспе газ алынған. Үстіміздегі жылғы 1 қазандағы есеппен 16,1 мың мүйізді ірі қара, 38,3 мың қой-ешкі, 13,7 мың жылқы және 7,4 мың түйе бар. Олардан  4459 тонна ет пен 3332 тонна сүт өндірілді. Төрт түлікті асылдандыру үшін селекциялық жұмыстарға қажетті қаражат қарастырылған.

Бүгінде ауданда 1700 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Үстіміздегі жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша төрт жобаға 14 млн. теңге берілді. Демек, кәсіпкерлік нысандары одан әрі көбеймек. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында екі жобаға қажетті жер телімі бөлінді. Олардың бірі – «ВетроЭнергоТехнология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған бастама. Құны 12,3 млрд. теңгелік бұл жобаның маңыздылығы – баламалы электр энергиясын өндірудің қолға алынуы. Қазір Манаш учаскесінде станса құрылысы жүріп жатыр.

%d2%b1%d0%bb%d1%82-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%b6%d0%b5-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0

Сонымен қатар, «ЭкоНетКомпани» мекемесі мұнай, резина және пластик қалдықтарын өңдеу жобасын қолға алды. Оның құны 650 млн. теңге. Бұл жобаның да маңызы зор. Өйткені, өндіріс қалдықтарын кәдеге асыру арқылы да біраз іс тындыруға болады.

Өткен жылы «ҚазМұнайГаз», ТШО, НКОК және КТК-К компанияларының қолдауымен 400 орындық мәдениет үйі тұрғызылды, Аққыстауда Ардагерлер аллеясы жаңартылды. Өзге де игіліктер жүзеге асырылды.

Жалпы, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр. Аса көп те емес. Жыл басынан бері 561 адам қызметпен қамтылған. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жастарды тәжірибеден өткізу, әлеуметтік жұмысқа тарту, кәсіби оқыту шаралары жүзеге асып келеді. Шағын кәсіпкерлікпен айналысу үшін 26 адамға барлығы 71,5 млн. теңге несие берілді. Төрт рет бос жұмыс орнының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ауылға қызмет істеуге келген 15 маманға біржолғы жәрдемақы ұсынылып, тоғызына пәтер сатып алуға несие берілді. Міне, осындай тәсілмен білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қажетті мамандар тартылуда.

%d2%b1%d0%bb%d1%82-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%b6%d0%b5-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0

Міне, аудан әкімінің осындай қысқаша есебін тыңдаған соң журналистер көкейде жүрген сауалдарын жолдады.

***

– Тұщықұдық ауылының тұрғындары ауыз сумен толық қамтамасыз етілген жоқ. Бұл мәселе қалай шешілуде?  

– Осы өзекті проблема, әсіресе, соңғы екі-үш жылда өткір көтеріліп жүр. Бүгінде шешімі «Ақ бұлақ» бағдарламасы арқылы табылды. Қарашада ауылға ауыз су жетеді деп отырмыз.

– Каспий жағалауы ішкі туризмді өрістетуге сұранып-ақ тұр. Әттең, қолға алынбай келеді. Осыған қалай қозғау салған жөн?

– Аудан территориясын теңіз толқындары көмкеріп жатқаны – табиғаттың берген сыйы. Соны тиімді пайдалануға тырысып-ақ келеміз. Қаржы жұмсайтын инвестор табылса, барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Бұл мәселемен сенатор Сәрсенбай Еңсегенов те шұғылданып жүр. Шетелдіктер де қызығушылық танытады. Хорваттар мен словактар көріп кетті. Бірақ, әзірге бел шешіп келіп жатқандары жоқ. Әйтсе де, әрине, күдер үзбейміз.

– Жұртшылық Исатай ауылында жарықтың жиі сөнетіндігіне реніш танытады. Бұл мәселенің шешімі қандай?

– Оны шешілді десе де болады. Бұрын ауылды темір жол құрылымына қарасты электрмен жабдықтау мекемесі қамтитын. Енді «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамына берілді. Іргелі кәсіпорыннан үлкен үміт күтеміз.

– Ауданда төрт түліктің өсімі туралы айтылғанда қой-ешкі қамтылмады. Неге?

– Сонау жылдары әр шаруашылықтың өзінде 60 мың шамасында ұсақ мал болатын. Сол деңгейге жетуге әлі біраз уақыт қажет. Оның үстіне, қожалықтар өзін ақтамайтын қой-ешкіден гөрі ірі мал өсіргенді құп көреді. Құм арасында бұл тиімді. Нарық заманында пайдамен жұмыс жасауға ұмтылатын шаруагерлер қай істі қолға алса да өз еркі.

– Көктемгі жаңбыр көптеген үйге зардабын тигізді. Қандай көмек көрсетілуде?

– Иә, табиғаттың тосын мінезі біраз сынады. Аққыстау мен Тұщықұдықта 200 шамалы үй суға кетті. Тұрғындарға қолданыстағы заңдылықтар аясында көмек көрсетілді. Жергілікті бюджеттен зардап шеккендерге 39 млн. теңге бөлінді. Соның қазір 31 миллионы мақсатты игерілді.

– Елді мекендерді құм көшкі-нінен қорғау жайы қалай?

– Бұдан, әсіресе, Исатай мен Забурын ауылдары көбірек зардап шегеді. Сондықтан, қажетті қаражат қарастырылып, үш жылдан бері тал егіліп келеді. Алғашқы нәтижелері жаман емес.

– Жанбай мен Х.Ерғалиев  ауылдарындағы мәдениет нысандары өте ескі. Соларды жаңартудың амалы жоқ па?

– Жанбайда 200 орындық мәдениет үйі салынуда. Ескі клубты да бұзбай, жөндеуден өткізіп, спорт залы ретінде пайдаланбақ ойымыз бар. Ал, Х.Ерғалиев ауылындағы мәдениет үйін о баста жөндемек болғанбыз. Қажетті қаражатты есептегенде 50 млн. теңгеге шықты. Одан да жаңасын салған жөн деген шешімге келдік. Ескі ғимаратты да жөндеп, жергілікті қажеттілікке пайдаланбақпыз.

– Нарынды суландыру мәселесі қалай шешілуде?

– Расында да, Нарынды мекендеп отырған 70 шақты шаруашылыққа су аса қажет. Мамандардың пікірінше, жерасты су қоры өте аз. Қазірдің өзінде құдықтар құрғап, сулары ішуге жарамсыз болыпты. Қазір Қызыл үй каналын әрі қарай 30-40 км созуды ұсынып отырмыз. Әрине, оған қомақты қаржы қажет. Бірақ, бұл мәселе күн тәртібінен түспейді.

– Тағы да Нарын ауылы туралы. Осындағы балабақша тарлық етіп тұрған жоқ па?

– Солай екені рас. Халық саны өсуде. Қазір елді мекенде 25 бүлдіршінге арналған балабақша бар. Мектепте 20 орындық орталық жұмыс жасайды. Әйтсе де, бәрібір жетпейді. Сондықтан облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп, келешекте тағы бір балабақша тұрғызу мәселесі көтерілді.

Облыс әкімінің тапсырмасы және оның орындалуы:

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Исатай ауданын аралаған сапарында 16 нақты тапсырма берген болатын. Соның бүгінде төртеуі орындалып, 12-сі бақылауға алынған. Сонымен…

Тұщықұдықтағы «Еркеназ» кондитерлік цехына 380 вольттық электр желісін тарту мен трансформатор орнату «Атырау-Жарық» АҚ арқылы жүзеге асырылды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарына трактор сатып алу жөнінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына хат жолданды.

Тұщықұдық ауылындағы Жұмабай Мырзағалиев атындағы мектепке жапсарлас ғимарат салу 2017-2019 жылдардың инвестициялық жобалары тізіміне енгізілді.

Жанбай елді мекенінің «Қызтуған» учаскесіндегі «Шағала Атырау» ЖШС-нің балық өңдеу цехы мен қонақ үй кешеніне электр және газ желілерін тартуды жеке кәсіпкер өз қаражатына жүргізеді. Сонымен қатар, «Ембімұнайгаз» АҚ да көмек көрсетпекші.

Жанбайдағы клуб құрылысын мерзімінде және сапалы тапсыру мерзімі сақталмаған. Қазір 200 орындық ғимараттың 80 пайыз жұмысы аяқталды. Ол биылғы 30 қыркүйекте пайдалануға берілуі тиіс еді. Бұл жөнінде облыстық құрылыс басқармасына және мердігер мекемеге хат жолданды.

Көктемгі және күзгі балық аулау кезінде «Жамбыл», «Амангелді» және Ракуша өндірістік кооперативтерінің лимитін ұлғайту туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына хат жолданды.

Үстіміздегі жылы орталық ауруханаға гинеколог, статист-эпидемиолог және жалпы практика маманы қызметке қабылданды.

Исатай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның сапасыз жұмыстарын қалпына келтіру туралы облыстық құрылыс басқармасына хат жолданды.

Меңдібай Сүмесінов

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз