«Нұрсая» бөбекжай-балабақшасында тағылымды шара өтті

1 3 Жаңалықтар

Атырау қаласындағы «Нұрсая» бөбекжай-балабақшасында тағылымды шара өтті. «Ана тілім – асыл мұрам» деген атаумен өткен шарада мемлекеттік тілдің мәртебесін көтере отырып, оның қадір-қасиетін жас ұрпақ  бойына сіңіру көзделген.

1

«Жалпы, мақсат – балалардың патриоттық сезімін ояту, оларды елі мен жерін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу»,-дейді балабақшадағы орыс тілі пәнінің маманы Ләззат Нармағамбетова.

2

Ал, Атырау қалалық білім бөлімі ұйымдастырған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» сайысында ұстаздар шеберліктерін танытып, өздерін тіл маманы ретінде жан-жақты көрсете білді. Өзара тәжірибе алмасқан байқауда жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз